• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алан Құрманғалиев Португалияда тағы бір алтын жүлдені жеңіп алды

    Португалияның Вила Реал қаласында үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінде 16 жастағы спортшы Алан Құрманғалиев екінші рет алтын медальді жеңіп алды.

    Ол өткен аптада 17 жастағы спортшылар арасында жеңімпаз атанған еді. Енді міне, Алан Құрманғалиев 19 жастағы жастар арасындағы жарыста  екінші рет алтын жүлдені алды. Осылайша ол турнирді екі алтын жүлдемен аяқтады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *