• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ журналисі Токио марафонына қатысты

    Журналист әрі кәсіпкер Еренғайып Қуатайұлы Жапонияның астанасы – Токио қаласында өткен марафонға қатысты.

    Ол марафонда мәреге 2 сағат 54 минут, 25 секундтта жетті. Орта темпі 4:05 болды. Ал марафонның өзі 42.2 шақырымға созылды. Еренғайып Қуатайұлының айтуынша, Жапониядағы жүгіру жарысына ол өкше жарақаты енді жазыла бастағанда қатысқан. Бұл жарақатты Чикаго марафонында алған. Сөйтіп, екі ай дайындалып, дәрігердің рұқсатымен жарысқа қатысуға бел буған.

    Қазан айында Чикаго марафонынан кейін сол жақ өкше ауыра бастады. Желтоқсанның басында МРТ нәтижесіне қараған доктор «Сізге жүгіруге болмайды, өкше сүйекте жарықшақ бар» дегенде аспан төңкеріліп жерге түскендей болды.

    Едел-жедел екі айлық ем-домнан кейін дәрігер жүгіруге рұқсат берді. Оның өзінде бір ай қатты жүгіріп өкшеге салмақ салмауды ескертті. Екі-ақ ай қалған Токио марафон болса күн сайын жақын. Ақпаннан бастап күніне екі рет жүгіріп дайындалуға тура келді.

    Уақыт аз. Мұндай дайындықпен жақсы нәтижеге жету неғайбыл. Марафон жүгіру үшін кем дегенде 4 ай үздіксіз дайындалу керек.

    Сонымен Токиода Чикаго 2:51:10 нәтижесін жаңарту деген әуелгі мақсат өзгерді. Тек sub 3 жасау, яки 3 сағатқа толтырмай финишке жету көзделді. Солай да болды.

    Жарақаты енді жазылып келе жатқан өкшеден қорғалап марафонның алғашқы жартысын (21.1км) алып-ұшпай баяу жүгірдім.

    2:54:25 уақытымен мәреге жеттім. Орта темп 4:05, — деді Еренғайып Қуатайұлы.

    Бұл — оның үшінші мэйжор марафоны. Енді ол 3 мэйжорге жүгіруді жоспарлап отыр. Оның айтуынша, Токиода алты бірдей қазақстандық алтыншы мэйжорын жүгіріп қуанышқа кенелді. Осы күнге дейін елімізде әлі ешкім әлемдегі алты айырықша марафон жүгірген жоқ. Олар Токионы бірнеше жыл күтіп, мақсаттарына кеше жетті. Енді Қазақстанда алты мэйжор (Бостон, Чикаго, Нью-Йорк, Берлин, Лондон, Токио) жүгірген алты адам бар.

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *