Белгілі журналист, кәсіпкер, былтыр АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында алғаш болып отандастарымыздың арасында алты мэйжор марафонды sub 3, яғни 3 сағат ішінде жүгірген Еренғайып Қуатайұлы Африканың Намибия елінде өткен ультрамарафонға қатысып, үздік бестіктен көрінді. Ол соңғы рет наурыз айында Португалияның Лиссабон қаласында жалауы желбіреген Lisbon half marathon-2024 марафонына қатысқан болатын. Содан кейін Африканың Намибия мемлекетіне барып, тағы да бағын сынап көрді. Бұл жолы марафоншы жер-жүзіндегі ең ...
Read More »Марафон
Марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиаданың жолдамасын алды
Нидерландтың Роттердам қаласында 42,1 шақырымға жүгіруден (марафон) өткен жарыстан Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті. Одан бұрын финишке 2 сағат 19 минут 30 секундта жеткен эфиопиялық Эшет Бекере жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орынды кениялық ...
Read More »Lisbon half marathon – 2024: желаяқ журналист тағы жарысқа шықты (ФОТО)
Белгілі журналист, кәсіпкер, былтыр АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында алғаш болып отандастарымыздың арасында алты мэйжор марафонды sub 3, яғни үш сағат ішінде жүгірген Еренғайып Қуатайұлы Португалияның Лиссабон қаласында өтіп жатқан Lisbon half marathon – 2024 марафонына қатысып жатыр. Кеше ол марафонда жүгіріп, мәреге 1 сағат 21 минут 53 секундтта жетті. Оның айтуынша, нәтиже жаман емес. Жалпы, Еуропада Лиссабоннан басқа тағы бес жарты ...
Read More »Әлемге әйгілі желаяқ жол апатынан қаза тапты
Бүгін түнде әлемге әйгілі марафоншы-рекордшы Келвин Киптум жол апатынан қаза тапты. Онымен бірге бір автокөлікте жаттықтырушысы Жерве Хакизимана да болған. Ол да жол апатынан көз жұмды. Келвин Киптум мен оның жаттықтырушысының қазасына бүкіл әлем есеңгіреп қалды. Қара құрлық қара жамылды. Белгілі марафоншы, журналист Еренғайып Қуатайұлының айтуынша, 2022 жылы күзде Валенсия марафонында қара үзіп келген Келвин Киптумды ешкім білмеген. Өйткені, бұл ...
Read More »Еренғайып Қуатайұлы — алты мэйжор жүгірген журналист (ФОТО)
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында алтыншы мэйжор марафон болды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген желаяқтармен бірге журналист Еренғайып Қуатайұлы та қатысты. Осы жарыста ол алты мэйжор марафонды sub 3, яғни үш сағат ішінде жүгірген алғашқы қазақстандық атанды. Алты мэйжор марафон дегеніміз Бостон, Чикаго, Нью-Йорк, Лондон, Берлин және Токио марафондары. Әлемде ең танымал талабы да биік марафон. Саб 3 деген ағылшынның sub 3 дегені. ...
Read More »Ironman Kazakhstan жарысына мыңнан аса адам қатысты
Астанада триатлоннан Ironman Kazakhstan жарысы өтті. Биыл бұл жарыс осымен төртінші рет жалауын желбіретті. Оған 60 елден келген 1000-нан аса спортшы қатысты. Жарыста спортшылар 3,86 шақырымға жүзуде, 180,25 шақырым веложарыста, 42,195 шақырым марафонда сынға түсті. Сонымен бірге Ironman 70.3 екі есе қысқа қашықтық бойынша жарысқа қатысты. Толық қашықтықта алғашқы 50 орынды иеленген спортшылар Францияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Ал ...
Read More »Қытайдан жаяу шыққан қандас Астанаға жетті (ВИДЕО)
Бүгін 1 мамырда Қытай Халық Республикасынан жаяу шыққан 26 жастағы қандасымыз Есбол Асқарұлы Астанаға жетті. Ол өзінің туған жері Шыңжаңның Манас ауданынан елордаға 60 күнде 3 мың шақырымды жаяу жүріп келді. Марафоншыны Бауыржан Момышұлы мен Қордай көшелерінің қиылысында орналасқан Достық үйінде қала тұрындары мен қонақтары қарсы алды. Кездесуде Алматы ауданы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің Есбол Асқарұлына алғыс хат табыс етілді. ...
Read More »Алматыдағы марафонда тағы бір адам қайтыс болды (ВИДЕО)
Жақында Алматыда өткен «Тенгри Ультра» марафонға қатысқан 41 жастағы азамат мәреге санаулы метр қалғанда қайтыс болған еді. Ол осымен жарысқа төртінші рет қатысқан көрінеді. Қайтыс болған азамат денсаулығына қатысты шағым айтпапты. Осы оқиғаға байланысты 24.kz марафонды ұйымдастырушылар мен дәрігерлердің жүгіру жарысына қатысқан азамат туралы пікірлерін жариялады. Дәрігерлердің айтуынша, марафон талаптарын күшейту қажет. Себебі, жыл сайын жүгіру жарысында кемінде бір адамның ...
Read More »Қазақ журналисі Токио марафонына қатысты
Журналист әрі кәсіпкер Еренғайып Қуатайұлы Жапонияның астанасы – Токио қаласында өткен марафонға қатысты. Ол марафонда мәреге 2 сағат 54 минут, 25 секундтта жетті. Орта темпі 4:05 болды. Ал марафонның өзі 42.2 шақырымға созылды. Еренғайып Қуатайұлының айтуынша, Жапониядағы жүгіру жарысына ол өкше жарақаты енді жазыла бастағанда қатысқан. Бұл жарақатты Чикаго марафонында алған. Сөйтіп, екі ай дайындалып, дәрігердің рұқсатымен жарысқа қатысуға бел ...
Read More »Қазақ журналисі Чикаго марафонына қатысты
Белгілі журналист, кәсіпкер Еренғайып Қуатайұлы АҚШ-тың Чикаго қаласында өткен марафонға қатысты. Биыл ол сәуір айында Бостон қаласында жүгіруден өткен жарысқа қатысқан болатын. Енді міне, ол Атлант мұхитының ар жағында жатқан алып елде ұйымдастырылған тағы бір марафонда бақ сынап көрді. Оның айтуынша, марафонға 40 мың адам қатысты. Солардың жарысын 1 700 000 жанкүйер тікесінен тік тұрып қолдап тұрды. Ол жарыстың қалай басталғаны ...
Read More »