• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ironman Kazakhstan жарысына мыңнан аса адам қатысты

    Астанада триатлоннан Ironman Kazakhstan жарысы өтті.

    Биыл бұл жарыс осымен төртінші рет жалауын желбіретті. Оған 60 елден келген 1000-нан аса спортшы қатысты.

    Жарыста спортшылар 3,86 шақырымға жүзуде, 180,25 шақырым веложарыста, 42,195 шақырым марафонда сынға түсті. Сонымен бірге Ironman 70.3 екі есе қысқа қашықтық бойынша жарысқа қатысты. Толық қашықтықта алғашқы 50 орынды иеленген спортшылар Францияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алады. Ал Ironman 70.3 қорытындысы бойынша үздік 30 адам Финляндияда өткен әлем біріншілігіне баратын болып шешілді.

    Былтыр Ironman Kazakhstan жарысына 5000 мың адам қатысқан. Жылдан жылға жарысқа қатысушылар саны көбейіп жатқанына қарағанда, алдағы уақытта триатлоншылардыуң саны бұдан да көп болуы мүмкін.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,
    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *