• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Elorda Cup турнирінің жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО)

    Астанада бокстан ІІ Elorda Cup халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста ерлер 13 салмақта, «йелдер 12 салмақ дәрежесінде біп апта бойын өзара жеңімпазды анықтады.

    «Елорда кубогының» жүлдесі үшін 10 елден келген 200-ден астам боксшы бақ сынады. Осы сынға ұлттық құрама сапында Олимпиада, əлем жəне Азия чемпиондары мен жүлдегерлері қатысты.

    Жарыста жеңімпазға 700 АҚШ доллары, екінші орынға 400 доллар, үшінші орынға әрқайсына 200 доллардан берілді.

    Турнирде ұлттық құрамның бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов 57, 63,5 жəне 92 кг салмақта жақсы нəтиже көрсеткен спортшыларды Қытайдың Ханьчжоу қаласында өтетін Азия ойындарының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды.

    Ерлер арасындағы əр салмақтағы жеңімпаздар:

    48 кг: Теміртас Жүсіпов

    51 кг: Сəкен Бибосынов

    54 кг: Тимур Қабдешев

    57 кг: Махмұд Сабырхан

    60 кг: Дильшод Абдумуродов (Өзбекстан)

    63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов

    67 кг: Шамшер Саидов (Тəжікстан)

    71 кг: Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)

    75 кг: Нұрқанат Райыс

    80 кг: Тоқтарбек Таңатхан

    86 кг: Абзал Құттыбеков

    92 кг: Сағындық Тоғамбай

    + 92 кг: Данаби Байғазы (Қытай)

    Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

    Əйелдер арасындағы əр салмақтағы жеңімпаздар:

    48 кг: Алуа Балқыбекова

    50 кг: Назым Қызайбай

    52 кг: Ву Ю (Қытай)

    54 кг: Жайна Шекербекова

    57 кг: Виктория Графеева

    60 кг: Римма Волосенко

    63 кг: Янг Ченгу (Қытай)

    66 кг: Наталья Богданова

    70 кг: Жасмин Қизатова

    75 кг: Ли Кьян (Қытай)

    81 кг: Ванг Лина (Қытай)

    + 81 кг: Елдана Талипова

    Ерлер арасында турнирдің үздік боксшысы болып Махмұд Сабырхан (57 кг) атанды. Әйелдер арасында қытайлық Янг Ченгу (63 кг) үздік деп танылды. Үздік рефери атағы Ерлан Ғазизовке берілсе, үздік төреші Ғани Ысқақовқа болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *