• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Марафоншы Жанна Мамажанова Олимпиаданың жолдамасын алды

    Нидерландтың Роттердам қаласында 42,1 шақырымға жүгіруден (марафон) өткен жарыстан Жанна Мамажанова ел рекордын жаңартып, Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Ол 2 сағат 26 минут 42 секунд жүгіріп, мәреге төртінші болып жетті. Одан бұрын финишке 2 сағат 19 минут 30 секундта жеткен эфиопиялық Эшет Бекере жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орынды кениялық марафоншылар иеленді. Виола Кибивот (2:20:57) екінші, Селли Чепйего Каптич (2:22:46) қола жүлдеге ие болды.

    Отандасымыз бұған дейінгі рекордты да 2022 жылы Роттердам қаласында 2:26:54 уақытпен жасаған  болатын.

    30 жастағы Жанна екінші рет Олимпиадаға қатысатын алғашқы марафоншы болып отыр.

    Марафон 13-14 сәуірде болды. Оған 17 мыңнан астам адам қатысты

    Қазір Қазақстанда спорттың 12 түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *