• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыдағы марафонда тағы бір адам қайтыс болды (ВИДЕО)

    Жақында Алматыда өткен «Тенгри Ультра» марафонға қатысқан 41 жастағы азамат мәреге санаулы метр қалғанда қайтыс болған еді. Ол осымен жарысқа төртінші рет қатысқан көрінеді. Қайтыс болған азамат денсаулығына қатысты шағым айтпапты.

    Осы оқиғаға байланысты 24.kz марафонды ұйымдастырушылар мен дәрігерлердің жүгіру жарысына қатысқан азамат туралы пікірлерін жариялады.

    Дәрігерлердің айтуынша, марафон талаптарын күшейту қажет. Себебі, жыл сайын жүгіру жарысында кемінде бір адамның қайтыс болатыны алаңдатады.

    Алматыдағы «Тенгри Ультра» марафонын ұйымдастырушылар болса, «Жарысқа қатысушының денсаулығы алдын ала тексеріле ме?» деген сұраққа жауап беруден бас тартты. Бірақ әлеуметтік желідегі парақшасында мәселенің мән-жайын түсіндіріп, марқұмның отбасына көңіл айтты.

    Марафонды ұйымдастырушылардың бірінің айтуынша, қайтыс болған азаматқа жарыста кезекшілікте тұрған интенсивті терапия бригадасы бірден алғашқы көмек көрсетті. Алайда құтқарып қала алмады.

    Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының бөлім басшысы Ажар Мусуламбекова марафонға тек рұүқсат қағазы бар адамдар ғана жіберілетінін айтты.

    Әр іс-шараның өзіндік ережесі, яғни регламенті болады. Сол регламент бойынша әрбір қатысушы денсаулығы жарамды туралы дәрігердің мөрі бар қағаз әкеледі. Сол қағаз арқылы ғана тіркеле алады. Денсаулығы жарамсыз болса, біз оны қабылдай алмаймыз. Тіркеуден өтпейді.  Астана қаласында бұл жағынан талап қатаң, — деді ол.

    Ал марафоншылардың пікірінше, жүгіру жарысына қатысқысы келетін адам ең бастысы жаттығу жасау қажет. Яғни, марафонға бірнеше ай дайындалу керек. Мысалы, жеңіл атлетика жаттықтырушысы Айгүл Аржаникова Ыстамбұл марафонына көп адам қатысқанын, ол жерде ешқандай анықтама сұрамағанын, тек жауапкершілік туралы қағазға қол қойғандарын айтты.

    Сондықтан марафонға бірнеше ай дайындалу керек. Жаттықпасаңыз, өзіңіздің денсаулығыңызға қауіп төнеді. Әсіресе, уақытпен жарысқанда қиын, — деді ол.

    Сол сияқты әуесқой спортшы Сәуле Кемелова да марафонға аса жауапкершілікпен қатысу керектігін ескертті. Оның айтуынша, бар кәніні жарысты ұйымдастырушыларға артуға болмайды. Бұл қате пікрі.

    Біз үнемі қол қоямыз. Егер қол қоймасақ қатысушының номері берілмейді. Барлық жарыстың алдында «өз денсаулығым үшін өзім жауап беремін» деп, құжатқа қол қоясың. Ұйымдастырушыға ғана кінә артуға болмайды. Денсаулығы мықты адамның өзі құлап жатады. Мүмкін ол жайсыз ұйықтаған шығар, мүмкін басқа да стресстік жағдайда болған шығар, — деді ол.

    Ал дәрігерлердің айтуынша, жарысқа қатысатын кез келген адам арнайы тексеруден өтуі қажет.

    Қайырғали Конеев есімді кардиологтың пікірінше, әр адам марафонға қатынасамын десе, міндетті түрде дәрігерге барып, жүрегін тексертіп, анализдерін тапсырып, дәрігерге өзі баруы керек. Марафонға қатысатын адам денсаулығына жауапкершілігін өзі алуы керек.  Әрине, адам өз өмірі үшін алдымен өзі жауапты, — деді дәрігер.

    Қорыта айтқанда, елімізде ұйымдамстырылатын марафондардан жыл сайын бір әулеттің отбасы қара жамылып жатады. Бұл алдымен дәрігерлер мен спортшылар айтқандай, жарысқа қатысатын адамның жауапкершілігіне байланысты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *