• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Роналду Түркия мен Сирияға жүк тиелген ұшақ жіберді

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Түркия мен Сириядағы жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін екі елге гуманитарлық көмек тиелген ұшақ жіберді.

    Daily Mail басылымының хабарлауынша, футболшы өз қаражатына бірнеше шатыр, көрпе-жастық, балалар тамағын, дәрі-дәрмек сатып алды. Роналдудың гуманитарлық көмегі Түркия мен Сирияның көбірек зардап шеккен тұрғындарына жеткізіледі.

    Бұған дейін Роналду 2014 жылы Испанияда науқас баланың операциясына 83 000 доллар төлеген еді. Одан кейін Португалиядағы онкологиялық орталықты қаржыландыруға 165 000 доллар берген болатын. Бұдан басқа да ол әлемнің жер-жерінде тұрмысы нашар отбасылар мен ауруға шалдыққан адамдарға көмек берген.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *