Павлодар қаласында үстел теннисінен Жастар ойындары аяқталды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Қарағанды қаласының тумасы Алан Құрманғалиев Ойындардың абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей, жұптық және аралас сайыстарда үш алтын медаль жеңіп алды. Ерлер, жекелей сайыс: 1 орын – Алан Құрманғалиев (Қарағанды) 2 орын – Қадырәлі Қабдылуахитов (Павлодар) 3 орын – Темірлан Жиенбаев (ШҚО) 3 орын – Тимофей Герасименко (Астана) Қыздар, ...
Read More »Үстел теннисі
Жеті жүлде! Қазақстан үстел теннисінен Өзбекстаннан озды
Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық турнирі аяқталды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жеті жүлдені иеленді. 19 жасқа дейінгі жастар арасында бірінші орынды Алан Құрманғалиев жеңіп алды. Осы санатта Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова аралас жұптар жарысында топ жарса Аделя Алжанова 11 жасқа дейінгі балалар додасында бірінші орынға шықты. Күміс жүлдені Назерке Болатбек ...
Read More »Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен қола жүлдегер атанды
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Ол жарыста төрт рет ойнап, жартылай финалға шықты. Бірақ, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Астанада үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты өтеді
Астана қаласында үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты жалауын көтереді. Бұл туралы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) Бас ассамблеясының отырысында хабарланды. Жиында 2027, 2028 және 2029 жылдардағы әлем чемпионаттарын өткізетін елдердің қалалары анықталды. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, екінші кезеңге Қазақстан мен Франция шықты. Финалдық дауыс беру нәтижесінде Қазақстан – 54,68 % дауыс алса, Франция ...
Read More »Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде жеңіске жетті
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Панагюриште қаласында (Болгария) өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Жәния 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста топ жарды. Ол болгариялық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Read More »WTT Youth Contender: Қазақстан үстел теннисінен екі жүлдені жеңіп алды
Үстел теннисінен Қазақстан командасы Исмаилиядағы (Мысыр) WTT Youth Contender турнирінде екі медальмен көзге түсті, деп хабарлады olympic.kz. Екінші орынды Жанерке Көшкімбаева (U19) мен Жания Бекмұхамбетова (U11) алды. Айта кетелік, бұған дейін Бекмұхамбетова 13 жастағы спортшылар категориясында бірінші орын алған.
Read More »Кирилл Герасименко үстел теннисінен Олимпиада жолдамасын алды
Үстел теннисінен Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Олимпиялық ойындарға жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлады olympic.kz. Ол енді іріктеу кезеңдерінде жинаған ұпайы бойынша Олимпиадаға қатысады. Халықаралық үстел теннисі федерациясының жаңарған рейтингінде теннисші құрлықта жолдама алмаған спортшылар арасында бірінші орында тұр. Айта кету керек, Герасименко осымен үшінші рет Олимпиялық ойындарға жолдама алып отыр. Ол Рио-2016 және Токио-2020 ойындарына қатысқан. Қазір елімізде Олимпиадаға ...
Read More »Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінде қола жүлдегер атанды
Францияның Мец қаласында үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында Алан Құрманғалиев үшінші орын иеленді. Ол турнирде Иван Кан (Нидерланд), Ронд Брент (Нидерланд), Назар Солодкий (Украина), Вим Вердоншот (Германия) сынды спортшылардан басым түсті. Жартылай финалда Алан Құрманғалиев Жапонияның өкілі Юхи Сакаидан 1:3 есебімен жеңіліп, қола медальді қанағат тұтты. Былтыр Алан Құрманғалиев Португалияның Вила Реал қаласында ...
Read More »Пара спортшылар Мысырда үстел теннисінен екі медаль жеңіп алды
Мысыр елінде пара үстел теннисінен өткен Fa40 ашық чемпионатында еліміздің спортшылары 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жарыста аралас жұп разрядында өнер көрсеткен Талғат Эрекеев пен Алтынай Ержанқызы күміс медальді иеленді. Ал, жұптық разрядтағы бәсекеде Али Махулбеков пен Талғат Эрекеев қола жүлдені қанағант тұтты. Fa40 ашық чемпионаты Паралимпиада ойындарына қатысу үшін рейтингтік ...
Read More »Жанерке Көшкімбаева үстел теннисінен Катарда топ жарды
Үстел теннисінен спорт шебері Жанкерке Көшкімбаева Катардың астанасы — Дохада өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz. 19 жастағы спортшы Бахрейн, Катар, Литва, Пәкістан спортшыларынан басым түсті. Бұған дейін ол Қазақстан чемпионатында командалық сында топ жарып, жұптық сында жеңіске жеткен еді. WTT Youth Contender турнирінде бұған дейін Алан Құрманғалиев бірінші орын алған болатын.
Read More »