• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан үстел теннисі федерациясы

    Қазақстан үстел теннисінен 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды

    Алматыда ADD Ustel Tennis Ortalygy-да 2026 жылғы командалық әлем чемпионатына жолдама үшін Орталық Азия еледрінің арасында іріктеу турнирі болды.

    Орталық Азия аймағынан жалғыз жолдама үшін Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан командалары ерлер мен әйелдер санаттарында сайысқа түсті.

    Қазақстан үстел теннисі федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрама сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов өз қарсыластарын 3:0 есебімен жеңіп, бірінші орынды иеленді. Соның нәтижесінде әлем чемпионатына жолдама алды.

    Ал қыздар құрамында Зауреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт Қырғызстанның споршыларынан кейін  Өзбекстан құрамасынан 0:2-есебімен жеңіліп жатып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Енді олар да әлем чемпионатына дайындалатын болады.

    Спортшыларды іріктеу турниріне Эльмира Алиева, Дмитрий Переверзев, Евгений Тимченко мен Геннадий Герасименко дайындады.

    Командалық әлем чемпионаты 2026 жылдың мамыр айында Лондонда болады. Соңғы рет әлемдік дода Ұлыбританияның астанасында  1926 жылы тура 100 жыл бұрын болған екен.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *