• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Бүкіләлемдік күрес одағы

    Күрестен жастар арасындағы АЧ: Қазақстан балуандары жеті жүлде алды

    Қырғызстанның астанасы — Бішкек қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды.

    Осы сында еркін күрестен жалғыз алтын жүлде 125 келіге дейінгі салмақта Едіге Қасымбек жеңіп алды. Ал Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Камиль Куруглиев (97 келіге дейін) күміс медальге ие болса, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) пен Алан Оралбек (61 келіге дейін) қола жүлдені қанағат тұтты. Сонымен бірге әйелдер күресінен Анна Стратан (57 келіге дейін) мен Мейрамгүл Мақсот (72 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.

    Бұған дейін грек-рим күресінің балуандары 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *