• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Атлетика

    Арқалықта ауыр атлет Гайдар Саржановты еске алуға арналған турнир өтті

    Зіл көтеруден Қазақстанның 6 дүркін чемпионы, КСРО-ның спорт шебері Гайдар САРЖАНОВТЫ заңғар атлет деуге толық негіз бар. Ол Торғай облысы Арқалық ауданына қарасты Қайыңды қой совхозында туған. Бала кезінен спортты серік етіп, ауылдағы ауыр темір-терсекті басынан асырып, кейін көптеген жарыстарға қатысып, зілтемірші ретінде одақтық деңгейге көтерілген еді. Жақында Арқалық қаласында Торғай елі талантымен тас жарған Толағай ұлын тағы бір еске ...

    Read More »

    Арқалықта ауыр атлет Гайдар Саржановты еске алу турнирі басталды

    Арқалықта Қазақстанның ауыр атлетикадан алты дүркін чемпионы, КСРО спорт шебері Гайдар Саржановты еске түсіруге арналған екінші республикалық турнир басталды. Оған еліміздің жер-жерінен ат терлетіп келген спортшылар қатысып жатыр. Бүгін жеңіл салмақтағы бозбалалар мен қыздар помостқа шықса, ертең ауыр салмақтағы жігіттер мен бойжеткендер жарысқа қатысады. Осы турнир басталмас бұрын «Достар» мейрамханасында «Қайыңды» ауылынан шыққан спорт шеберін еске алу Асы берілді. Аста ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті сайланды

    Бүгін Астанада Жеңіл атлетика федерациясының кезектен тыс конференциясы өтті. Жиын барысында федерацияның жаңа президенті болып Даниал Ахметов сайланды, – деп хабарлады Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі. Конференцияның күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды: Жеңіл атлетика федерациясын бұған дейін басқарған Әділбек Жақсыбековтың өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату; Жеңіл атлетика федерациясының жаңа президентін сайлау. Осылайша, Атқару комитеті мүшелерінің бірауызды шешімімен Әділбек Жақсыбековтың өкілеттілігі мерзімінен ...

    Read More »

    Жеңіл атлеттер әлем чемпионатына бара жатыр

    Жеңіл атлетикадан жабық кешендегі  әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер толығымен анықталды. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 1-4 наурыз аралығында өтетін әлем чемпионатының нормативін орындау уақыты аяқталды. Жабық кешендегі жарысқа қатысу жазғы әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан да қиын. Өйткені, мұнда нормативтің көрсеткіштері өте жоғары болу керек. Биылғы әлем чемпионаты Ұлыбританияның Бирмингем қаласында болады. Осы сында ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында бірінші орын алды

    Иранның астанасы Теһран қаласында жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионаты өтті. Қазақстан атлеттері 7 алтын, 4 күміс, 1 қола медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Бұл туралы ҚР жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Азия чемпионатының соңғы күнінде 4х400 метрлік эстафетадан қыздар алтын алса, жігіттер Катарды алға жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Любовь Никитенко эстафета ...

    Read More »

    Қазақстанның бес атлеті Азия чемпионы атанды

    Иранның астанасы Теһран қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде қыздарымыз 3 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Иран Ислам Республикасының заңына сәйкес, әйелдер ерлерден бөлек жеке сайысқа түсуі қажет. Сондықтан таңертеңнен түске дейін әйелдер, одан кейін ерлер арасындағы жарыстар өтіп жатыр. Бүгін, 2 ...

    Read More »

    Қазақстан атлеттері алғашқы күні екі алтын жүлде иеленді

    Иранның астанасы Теһран қаласында өтіп жатқан VIII жабық кешендегі Азия чемпионатының бірінші күні Қазақтанның жеңіл атлеттері 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 1 ақпан күні таңертеңгі бағдарламада тек қыздар өнер көрсетті. 3000 метрге жүгіруден қостанайлық Татьяна Нерознак қарсыластарынан оқ бойы озып шықты. Ол 3 шақырымды 9 минут 33.65 секундта жүгіріп ...

    Read More »

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Бүгін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрылғанына 5 жыл болды. 2012 жылдың қараша айында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған конфедерация құрамына еліміздегі ең жақсы дамыған бес спорт түрі енді. Осы жылы бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, қазақ күресі бір шаңырақтың астына бірігіп, конфедерацияның арқасында жаңа даму деңгейіне көтерілді. Бес жылда отандастарымыз спорттың ...

    Read More »

    Үздіктердің тобында

    Тарихта алғаш рет Қазақстан Республикасының ауыр атлетикадан жастар құрамасы Бангкокта өткен әлемдік чемпионатта үшінші орынды иеленіп, 2018 жылы өтетін жастар арасындағы Олимпиадалық ойындарға өзіне максималды лицензиялар санын қамтамасыз етті. Біздің топтың қоржынында 6 медаль бар, оның ішінде үш «алтын», бір «күміс» және екі «қола». Жалпыкомандалық есеп: ер балалар 1 орын: Қытай 2 орын: Иран 3 орын: Қазақстан 4 орын: Ресей ...

    Read More »