Бүгін Астанада футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Андорра командасымен ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Матчтың 11-минутында «Қайрат» клубының жартылай қорғаушысы Олжас Байбек жалғыз доптың авторы атанды. Бұл матчта Дастан Сатпаев жастар құрамасы сапында алғаш рет алаңға шықты. Ол 85 минут ойнады. Қазақстан U-21 құрамасы келесі ойынын 8 қыркүйекте Англиямен ойнайды. Қазақстан құрамасының тобында Словакия, Ирландия және Молдова құрамалары бар. ...
Read More »Басты тақырып
Әли Әлиев: «Құрамаға шақырту алған әр ойыншы ел үшін жанын салу керек»
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Әли Әлиев Беларусь құрамасымен жолдастық матч қарсаңындағы баспасөз мәслихатын өткізді. Ол тілшілердің алдағы ойын мен команда жайлы сауалдарына жауап берді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. – Міне, ұлттық құраманың басы қосылатын сәт келіп жетті. Бұл – ел болып тілеулес болатын сәт. Жігіттер дайын, бәрі ойынды күтіп отыр. Беларусь пен Солтүстік Македонияның стильдері ұқсас. Екеуі де үш ...
Read More »Қазақстан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан командалық көпсайыста қола жүлдегер атағына ие болды. Бұл жүлдені Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Маменов, Ілияс Әзізов пен Әлішер Тойбазаров жеңіп алды. Олар жалпы 240.301 ұпай жинады. Ұлттық Олимпиялық комитеттің хабарлауынша, бірінші орынды Жапония құрамасы (253.002 ұпай), екінші орынды Қытай құрамасы (248.265 ұпай), үшінші орынды ...
Read More »Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды
Бүгін футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінде Андорра командасымен ойнайды. Жастар құрамасы D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра командаларымен бір топқа түсті. Аға жаттықтырушы Денис Мамоновтың ойыншылары 2 маусымда Астанада жиналып, оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бүгін болатын матч «Астана Арена» стадионында 19:30-да басталады. Одан кейін жастар құрамасы 8 маусымда Англия командасымен жасыл ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Данилина турнирдің бірінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда сербиялық Александра Круничпен бірге «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендпен жартылай финалдың жолдамасы үшін күш сынасты. Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:5 есебімен жеңді. Екінші сетте Синякова мен Таунсенд 6:4 есебімен есе қайтарды. Үшінші партияда Данилина ...
Read More »Реабилитация еліміздегі медициналық туризмнің маңызды бағытына айналып келеді (ФОТО)
Қазақстанда медициналық туризм қарқынды дамып келеді. Бүгінде бұл тек тренд емес, шетелдік емделушілер арасында жоғары сұранысқа ие тұрақты үрдіске айналды. Ресми мәліметтерге сәйкес, жыл сайын елімізге келген бес мыңнан астам турист медициналық қызметке жүгінеді екен. Қазақстанды шетелдіктер тек емделу үшін ғана емес, сапалы, қолжетімді әрі кешенді оңалту шаралары үшін де таңдай бастады. Шетелдік азаматтар арасында ең көп сұранысқа ие бағыттар ...
Read More »Астанада арбадағы теннистен алғашқы ITF Futures Series турнирі аяқталды
Астанада арбадағы теннистен ITF Futures Series бойынша алғашқы турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Орталық Азия бойынша алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа АҚШ, Жапония, Австралия, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және өз еліміздің өкілдері қатысып, бірнеше күн бойы бақ сынасты. Ерлер арасында жекелей сында тұрақты ойын өрнегін көрсеткен жапониялық Фудзимото Ёшинобу чемпион атанса, австралиялық Мартин Данн ...
Read More »Түркістан облысының әкімі Азия чемпиондарына құрмет көрсетті
Түркістан облысының спортшылары өткен айда өте жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, Шри-Ланканың Коломбо қаласында жастар арасында өткен Азия чемпионатында 8 алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Мысалы, ескек есуден Қытайда өткен Азия чемпионатында үш алтын жүлдені иеленді. Сонымен қатар Астана қаласында пара дзюдодан ұйымдастырылған әлем чемпионатында екі спортшы алтыннан алқа тағынды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров ...
Read More »Түркістанда Мұхтархан Ділдәбековтың жүлдесі үшін халықаралық бокс турнирі басталды (ФОТО)
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Сидней Олимпиадасының және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Бокс федерациясының вице-президенті Мұхтархан Қобыланбекұлы Ділдәбековтың жүлдесіне арналған жастар арасындағы XIII халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Іс-шарада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов ...
Read More »Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда жеңіске жетті
Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті. Отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына кірмеді, — делінген хабарламада. Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин ...
Read More »