• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Басты тақырып

    Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайланды

    Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы болды. Оған Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты, деп хабарлады olympic.kz. Конференцияда федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды. Конференцияға қатысушылардның бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды. Өткен маусым ...

    Read More »

    Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры болды

    Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Басқарушы директоры қызметіне Қайсар Рауфовұлы Бекенов тағайындалды, деп хабарлады ҚФФ. Қайсар Бекенов 1986 жылы 20 наурызда туған. 2013-2019 жылдары аралығында және 2024 жылдың мамыр айынан бері «Астана» футбол клубында басшылық лауазымда болды. Бұған қоса, 2012-2013 жылдары Қазақстан футбол федерациясында да қызмет еткен. Оның басшылығымен «Астана» бірнеше мәрте ел чемпионы атанып, Еуропа аренасында жарқын жетістіктерімен көзге түсті. ...

    Read More »

    Тағы бір адам ҚФФ президенті лауазымына үміткерліктен бас тартты

    Қазақстан футбол федерациясының Сайлау комитетіне  Ерлан Жамантаев («Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы қауымдастығы» ЗТБ өкілі) сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартуы туралы өтініш білдірді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Өтінішке сәйкес, ҚФФ Сайлау комитеті Ерлан Жамантаевты ҚФФ президенті лауазымына үміткерлер тізімінен шығару туралы шешім қабылдады. Бұған дейін ҚФФ президенттігіне өтінім берген Наргис Мағау сайлауға түсуден өз еркімен бас тартқан болатын. ...

    Read More »

    Теннисші Жібек Құламбаева ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты

    Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Үндістанның Нави-Мумбай қаласында өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген теннисші 1/8 финалда дүниежүзілік рейтингіде 991-орында тұрған жапон Анри Нагатамен ойнады. Бірінші партияда Ж.Құламбаева 3, А.Нагата 2 брейкпен көзге түсіп, сет 6:4 есебімен отандасымыздың пайдасына шешілді. Екінші сетте де осы жағдай қайталанды. Есеп — 7:5. Матч ...

    Read More »

    Экс-ресейлік Самоделкина Қазақстан чемпионы атанды (ВИДЕО)

    Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты болды. Ерлер арасындағы жекелей сында Диас Жіренбаев чемпион атанды. Екінші орынды Никита Кривошеев иеленсе, қола жүлдені Артур Смағұлов жеңіп алды. Әйелдер арасында Софья Самоделкина ел чемпионы атанды. Екінші орынды Зере Сарбалин иеленсе, үшінші орынды София Фарафонова қанағат тұтты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА   Посмотреть эту публикацию в Instagram   Публикация от Home of ...

    Read More »

    Бүгін бокстан Қазақстан чемпионаты басталады

    Бүгін Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев орталығында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады. Чемпионат 24 желтоқсанға дейін болады. Оған барлығы 200-ге жуық әйел мен 250-ден астам ер адам қатысады. Қазақстан бокс федерациясы өзінің Instagram парақшасында бүгін Сырымбетов, Теміржанов, Зейнуллинов, Төлтаев, Аққалықов пен басқа да боксшылардың шаршы алаңға шығатынын хабарлады.  

    Read More »

    Әмір Омарханов АҚШ-тағы әлемдік жарыстың жеңімпазы атанды

    Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Әмір Омарханов жұптық сында АҚШ-тың Флорида штатында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге 18 жасқа дейінгілер арасында үздік шықты. Бұл жұп финалда швейцариялық Анри Берно мен  чехиялық Денис Петакпен бас жүлдені сарапқа салды. Омарханов – Дерипаско камбэкпен жеңіске жетті. Есеп ...

    Read More »

    ХОК қазақ спортына баға берді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алықаралық олимпиада комитетінің спорт директоры Кит МакКоннеллмен кездесті, деп хабарлады Ақорда. Кездесуде Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті мен ХОК арасындағы өзара ықпалдастық перспективасы талқыланды, Президент Олимпиада ойындарының құндылықтарын дәріптеуде және атлеттерді қолдауда Халықаралық олимпиада комитетінің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мемлекет басшысы отандық спортты және халықаралық серіктестікті дамыту мақсатында еліміздің ұйыммен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін ...

    Read More »

    Айымбетов «Адана Демирспор» клубына жеңіс сыйлады (ВИДЕО)

    Түркияның Суперлигасындағы «Адана Демирспор» командасы сапында ойнайтын Абат Айымбетов қатарынан екінші голын соқты. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Қазақ футболшысы осымен қатарынан екінші ойында мергендігімен көзге түсіп отыр. Ол 7 желтоқсан күні ойналған мұның алдындағы 15-турда «Гёзтепе» командасының қақпасынан да саңылау тауып, алаң иелеріне сапынан жалғыз голдың авторы атанған еді. Бірақ ол жолы аданалықтар 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Турнир кестесінің соңғы орнында ...

    Read More »

    Жарыс алаңында Желтоқсан батырлары

    «Бұлақ басы тіршліктің қасы», демекші, тәуелсіздігіміздің басы болған егемендікті жеңіп алып берген Желтоқсан батырлары әлі толықтай ақталып көптен аңсаған статусын ала алмай келеді. Сол бір сарышұнақ аяз бет қарыған азалы түнде алаңға шығып, тәуелсіздігіміз үшін қан-қасап көтерілісті жан беріп, жан алысқан батырларға үкімет тарапынан қандай қолдау, көмек жасаса да артық болмас еді. Жылына бір келетін 16, 17 желтоқсан күндері ғана ...

    Read More »