• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы қатарынан үш матчта жеңіске жетті

    Футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы төртінші матчында сырт алаңда Солтүстік Ирландия командасымен кездесті. Матчта Қазақстан құрамасы алаң иелерін 1:0 есебімен ұтып, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Матчтың 88-минутында Абат Айымбетов ұлттық құрама сапындағы сегізінші голын салып, Қазақстан құрамасы жеңіс сыйлады. Одан басқа H тобында Финляндия құрамасы Сан-Мариноны 6:0 есебімен жеңсе, Словения мен Дания құрамалары ...

    Read More »

    Месси Аргентина құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2022 жылғы әлем чемпионатын жеңіп алмағанда командадан кететін едім деп айтты. Лионель Мессиге былтырғы әлем чемпионаты ұнаған екен. Сол себептен ол теңбіл доп додасында әлем чемпионы атағын ұтып алмағанда құрамадан кететінін жасырмай жүрген. Маған Катардағы әлем чемпионаты өте ұнады. Егер мен әлем чемпионы болмасам, бұл менің соңғы чемпионатым болар еді. Мен клубтық деңгейде барлық ...

    Read More »

    Ұпай алып, жанкүйерлерді қуантамыз! – Абат Айымбетов

    Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Белфаст қаласында Солтүстік Ирландиямен матчтың алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді:  — Солтүстік Ирландия құрамасының бас жаттықтырушысы Майкл О’Нил Қазақстан ойыншыларының аса танымал емес, сол себепті олар туралы бірдеңе айту қиын екенін айтыпты. Оның сөзіне не айтасыз? Бұл біздің командаға басымдық бере ме? — Мен ол туралы ештеңе айта алмаймын. Не десе о десін. ...

    Read More »

    Солтүстік Ирландия ашуын бізден алғысы келіп тұр – Магомед Адиев

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Солтүстік Ирландия командасымен ойын алдында БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат беріп, сұрақтарына жауап берді. — Магомед Мұсаұлы, Солтүстік Ирландиямен өтетін ойыннан не күтесіз?   — Салмақты әрі қиын ойын болады. Олар өз алаңында соңғы рет сәтсіз ойнады. Сол себепті Солтүстік Ирландия ашуын бізден алғысы келіп тұр. — Солтүстік Ирландия құрамасының бас жаттықтырушысы: «Қазақстан құрамасына талдау жасау ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Марионны үлкен есеппен ұтты

    Еуро-2024 іріктеу чемпионатының кезекті ойыны Италияның Парма қаласында өтті. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Эннио Тардини стадионында өткен ойында Қазақстан құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен ұтты. Алғашқы таймда біздің қорғаушы Ян Вороговский есеп ашып, Қазақстан құрамасын алға шығарды. Екінші таймда Магомед Адиев шәкірттері ойын басымдығын ұлғайта түсті. Алдымен команда капитаны Асхат Тағыберген пенальтиден мүлт кетпеді. Ойынның соңғы секундында ұлттық құраманың көшбасшысы Бақтиер ...

    Read More »

    Сан-Марионаға қарсы ойын қиын болады – Бахтиер Зайнутдинов

    Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов БАҚ өкілдеріне Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі Сан-Марино командасымен ойын туралы ойын айтты. – Бахтиер, ЦСКА сапында Ресей Кубогындағы жеңістен кейін өзіңді қалай сезініп жүрсің? – Еліміздің абыройын қорғау үшін ұлттық құрамада әрқашан үлкен құлшыныспен ойнаймын. Кубоктағы жеңіс мені шабыттандыра түсті. Сан-Марионмен матчқа толық дайынмын деп айта аламын. – Ресей кубогын алғанда көз жасыңызға ерік бердіңіз. ...

    Read More »

    Қазақстан фаворит болса да босаңсуға болмайды – Магомед Адиев

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Сан-Мариномен матчтың алдында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. – Магомед Мұсаұлы, Сан-Марино мен Солтүстік Ирландия құрамаларымен ойындардың арасында үш күн ғана үзіліс болады. Уақыт тығыз екен, үзіліс қысқа. Екі команданың да деңгейі бірдей емес. Бұл елдермен біздің команда қай құрамда шығады? Команданың құрамы өзгере ме? – Біз қарсыласпен қалай ойнайтынымызды жоспарлаймыз. ...

    Read More »

    Месси мансабындағы ең жылдам голды салды (видео)

    Қытайдың Бейжің қаласында Аргентина құрамасы мен Австралия командасы жолдастық кездесу өткізді. Осы матчта аргентиналық шабуылшы Лионель Месси кездесудің 1 минут 19 секундында голдың авторы атанды. Осылайша, ол мансабындағы ең жылдам голды салды. Бұл гол шабуылшының ұлттық құраманың сапындағы 103-голы болды. Матч басталысымен Месси айып алаңының жанында пас алып, бір қорғаушыны алдап, қақпаны дәл көздеді. Ал ойынның өзі 2:0 есебімен аяқталды. ...

    Read More »

    «Реал» ма, «Әл-Иттихад» па?: Мбаппе жаңа клубты таңдады

    «Пари Сен-Жермен» клубының бұрынғы шабуылшы Килиан Мбаппе жаңа клубты таңдады. Le Parisien басылымының хабарлауынша, ол Мадридтің «Реал» командасына ауысуы мүмкін. Бұған дейін хабарланғандай, ПСЖ Мбаппені сататын болып, футболшыны трансферге шығарды. Франция ұлттық командасының форварды париждік клубпен келісімшартты 2025 жылға дейін ұзарта алғанымен, ПСЖ құрамында ойнағысы келмейтінін айтты. Мбаппеге Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубынан да ұсыныс келуі мүмкін деген дерек бар. Бұл ...

    Read More »

    Экс-ресейлік футболшы Қазақстан құрамасында ойнамауы мүмкін

    Алматыда Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттығуы кезінде еліміздің азаматтығын алған Ресейдің экс-футболшысы Александр Зуевтің жарақат алғаны туралы хабар тарады. Meta-rating.kz порталының хабарлауынша, футболшы енді Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынына қатыспауы мүмкін. Ол жарақатынан әлі айықпаған Асланбек Дарабаевты алмастыру керек еді. Ұлттық құрама 17 маусымда сырт алаңда Сан-Марино командасымен, одан кейін Белфастта Солтүстік Ирландия жасағымен кездеседі. Александр Зуев маусым айының басында ...

    Read More »