• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Видеодан кадр

    EURO-2024: Бақтиярдың көз жасы (ВИДЕО)

    Көзінде от, бойында намыс, мінез қайрат, жігері жоқ командамен қандай жеңіске жетесің айтшы ағайын!

    Бәрі қорқып ойнап ұйықтап жүр. Тіпті допты алғанда не істерін білмей сасып қайда болса сонда тебе салады. Ол нені білдіреді? Ол жоғарыда айтқанменмен қатар шеберліктің саяз екенін әйтеуір ойнап шықсақ деген тойынған жанның кейпін білдіреді. Ал, соңғы 30 жылға келсек, Назарбаевтың режимі футбол ғана емес барлық саланың дамуына тұсау болды. Бірақ ол басты себеп деп ойламаймын.

    Ана Нигерия, Кот д Ивуар, Гана елдерінде неге футболы әлде қайда жоғары? Неге әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шоғыры жетерлік? Өйткені, «алтын күлдің арасында жатса да жылтырап жатады», деген. Экономикасы әлде қайда төмен елдердегі футболдың қарыштап дамуына қарап таң қаламыз. Залқы ашқұрсақ болса да футболға деген сүйіпеншілігі, махаббаты шексіз. Бізде бәрі басқаша осының кері түрі.

    Қысқасы, ешқандай ақталудың қажеті жоқ. Әдиевтің де бас бапкер ретінде кінәсі бар. Астанов, Маречкин, Қайыров, Самородов секілді ойыншылардың орнына Асхат Тағаберген, Абат Айымбетовты алғашқы минуттан бастап шығарғанда бір өзгеріс бір үміт болар ма еді деп қоямыз. Бірақ ол да себеп емес шығар. Дегенімен де Словениямен шешуші ойында жеңіске қалайда жету керек еді. Ол жақта да сол баяғы негізі ойыншылар болымсыз жарақатына қатысты алаңға шықпады. Өкінішке қарай, ол жеңісті сырт алаңда көре алмадық.

    Әлгі орыстың атақты комментаторы команданың жеңіліп жатқанына күйіп кетіп: «Нам такой футбол не нужен», деген екен.Сол айтқандай бізге мұндай 0:5 есебімен шешуші ойында жеңілу тіпті керек емес еді. Бірақ солай болды.Қазақ жанкүйрелері жанын салып көрген ойында ойсырай жеңіліп, елімізді жерге қаратқаны команданың жанымызға шоқ салғандай қатты күйіндік.

    Енді команда қайта жаңарып, намысы зор, ойыны жан сүйсінтер жас таланттарды жинап, ертеңгі күнге үмітпен қарауға тура келеді. Жастарға үлкен мүмкіндіктер беру керек, футбол акдемияларды көбейтіп, футбол алаңдарын салу керек.  Сосын ең маңыздысы қазақ жастарын көптеп тарту маңызды. Өйткені, қазақтар ғана ел үшін,жер үшін жан ашып, намысты бермеуге тырысады. Алтайдан Алатауға дейін созылып жатқан кең байтақ даламызды найзаның ұшымен, білектің күшімен қазақтың ғана батырлары жаулардан қорғап қалғанын ұмытпасақ екен. Басқа ұлттың ұлттық құрамаға алудың еш қажеті жоқ. Олардың шабан қимылы, «пас берсе тебемін бермесе жүре беремін», деген қалай болса солай ойындарын көріп қарның ашып осындай ойға еріксіз келесің. Бабы жоқ команданың тағы жоқ болды. Басқа айтар уәж жоқ. Айта берсең жеңілістің себеп-салдары бір түйеге жүк артқандай. Өте өкінішті.

    Түндегі ойындағы жеңілстен кейін Бақтияр Зайнутдиновтың көз жасы көп нәрсеге жауап беріп тұрғандай.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *