• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футбол

    Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды

    Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізді.  Ташкент қаласындағы «Пахтакор» стадионында өткен Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолдастық ойын 2:0 есебімен аяқталды. Голдың авторлары: Эркинов 12 (1:0), Шомуродов 45 (2:0). Енді Қазақстан ұлттық құрамасы 19 қараша күні Біріккен Араб Әмірліктерімен кездеседі. Өзбекстанға қарсы матчтың екінші таймында алаңға екі жылдық үзілістен соң Бауыржан Исламхан шықты. Оған жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген ...

    Read More »

    Ауыл жаттықтырушысынан Алашқа танылған ұстаз

    Әр салада кәсіби маман болу үшін білімді, білгір қамқоршы ұстазың болу керек. «Ұстазсыз шәкірт тұл», демекші ұстазы мықтының ұстамы мықты болады. Мен мектепте оқып жүргенде бізге сабақты көбінесе соғыс ардегерлері берді. Ұлы Отан үшін от кешкен майдангерлерден алған тәлім-тәрбиеміз өмірімізге үлкен бағдаршам болды. Майдангер ұстаздар бізді отансүйгіштікке, адалдыққа, елжандылыққа үйретуде көп еңбек сіңірді. Ал, сол ардагер ұстаздардың арасында жас та ...

    Read More »

    Иранда футболшы Әли Даеи өлім жазасына кесілді

    Иран өкіметі футболдан елдің ұлттық құрама командасының бұрынғы шабуылшысы Әли Даеиді өлім жазасына кесті. Кезінде Иран құрамасы мен Еуропаның бірнеше  атақты клубтарының ойнаған футболшы қыркүйек айының басында қаза тапқан 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан. Ол Иран үкіметін қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды жалғастырудың орнына Иран халқының мәселелерін шешуге шақырған. Осы жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Лионель Месси еш жарақатсыз командаға қосылды

    Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатына дайындалу үшін БАӘ-не барып, командаға қосылды. Месси Әбу-Дабиге «Ювентус» клубының ойыншылары Анхель Ди Мария мен Леандро Паредеспен бірге келді. 16 қарашада Аргентина құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен жолдастық матч өткізеді. Ал әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы «C» тобында Сауд Арабиясы, Мексика мен Польша командаларына қарсы ойнайды. Аргентина құрамасы 1978 және 1986 жылдары ...

    Read More »

    Роналду «Манчестер юнайтедтің» опасыздық жасағанын айтты

    Португалиялық футболшы Криштиану Роналду британдық журналист Пирс Морганға резонансты сұхбат берді. Ол сұхбатта «Манчестер юнайтед» клубының соңғы 13 жылда жақсы жаққа өзгермегенін айтты. «Соңғы 13 жылда команда жақсы жаққа еш өзгерген жоқ. Өсу нөлге тең. Сэр Алекс Фергюссон қызметтен кеткеннен кейін клубта ешқандай өзгеріс көрмедім», — деді ол. Сонымен бірге футболшы клубты өзіне опасыздық жасады деп айыптап, сатқындықты сезінгенін жеткізді. ...

    Read More »

    Қазақстан — Өзбекстан: команданың тізімін жарияланды

    Өзбекстан мен БАӘ құрама командаларымен жолдастық кездесу өткізетін Қазақстан ұлттық құрамасына шақыртылған футболшылардың тізімі жарияланды. Тізімге футболдан екі жылға шеттетілген Бауыржан Исламхан да енді. Футболшы соңғы рет ел құрамасы сапында 2020 жылдың қыркүйегінде Беларусь командасына қарсы ойнады. Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матч 16 қарашада Ташкентте, БАӘ құрамасына қарсы матч 19 қараша күні Әбу-Даби қаласында өтеді. Ұлттық құрамаға шақырылған ...

    Read More »

    Катарда әлем чемпионатына арналған банкноттар шығарылды

    Катар Орталық банкі футболдан әлем чемпионатының стадиондары бейнеленген естелік банкноттарды шығарды. Естелік банкноттарда Катардың мәдени мұрасы көрсетілген. Атап айтқанда, Катар елінің ұлттық елтаңбасы, ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енген Зубар бекінісі мен Доха орталығындағы зәулім ғимараттар бейнеленген. Футболдан әлем чемпионаты үшін арнайы шығарылған банкноттар Катар тарихында алғаш рет полимерлі материалдардан жасалған. Оларды елдегі банктер мен ақша айырбастау пункттерінен сатып алуға болады. Биылғы ...

    Read More »

    Бауыржан Исламхан допинг дауынан кейін Қазақстан құрамасына шақырту алды

    Бауыржан Исламхан Қазақстан ұлттық құрамасының қараша айында Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен өткізетін жолдастық матчтарына шақырту алды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады. «Футболшының екі жылдық дисквалификациясы аяқталып, кәсіпқой командамен жаттығуды жалғастыруға болатыны туралы тиісті құжаттар алынды», – делінген хабарламада. Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы бір ай бойы Бауыржан Исламханмен жаттықтыру жұмысын жүргізіп, командаға шақыру туралы шешім қабылдады. «Бауыржан туралы көп естігенмін. ...

    Read More »

    «Ливерпуль» клубы сатылымға қойылды

    Америкалық FSG компаниясы Англияның«Ливерпуль» клубын сатылымға шығарды. The Athletic басылымының хабарлауынша, клубқа иелік ететін Fenway Sports Group компаниясы команданы сатып алғысы келетін инвесторлардың ұсыныстарын қарастыруға дайын отыр. Компания инвесторлар үшін клуб туралы презентация дайындап қойды. Клубты сатуға Goldman Sachs және Morgan Stanley банктері көмектеседі. Басылымның мәліметіне қарағанда, клубтың иелері команданың стадионы «Энфилдті» қайта құру мен жаңғыртуға 218 млн доллар инвестициялаған. ...

    Read More »

    «Астана» – футболдан 2022 жылғы Қазақстан чемпионы!

    2022 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы 26 турында «Астана» командасы сырт алаңда қарағандылық «Шахтер» командасын 2-3 есебімен ұтып, жетінші рет Қазақстан чемпионы атанды.  Елордалық команда 26 ойында 65 гол соғып, өз қақпаларына 24 гол өткізіп 53 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Чемпионаттың ең үздік сұрмергені астаналық Педро Эуженио (18 гол), ең үздік ассистент астаналық Марин Томасов (9 ассист) және гол+пас көрсеткіші бойынша да Марин Томасов ...

    Read More »