• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннис

    Құрманғалиев — қола жүлдегер!

    Кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев Словакия үстел теннисінен  өтіп жатқан WTT Youth Contender Senec 2022 халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.  Ол Джамдиэль Торресті (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичті (Польша), Степан Брхельді (Чехия), Рохелио Кастро (Мексика) мен Андре Бертельсмайерді (Германия) жеңді. Осы жолы Алан Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі жастар арасында өнер көрсетті. Сондай-ақ осы турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Санжар Жұбановпен бірге күш ...

    Read More »

    Елена Рыбакина Қазақстан командасына жолдама алып берді

    Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде «С» тобында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияның командасын ұтып, ширек финалға шықты. Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кездесті. Онда Рыбакина бірінші партияда есеп 1:1 болғанда қатарынан бес геймді ұтты. Есеп –  6:1. Екінші сетті отандасымыз 2:0 есебімен ...

    Read More »

    15 жастағы теннисші Зара Дәркен ересектер жарысына жолдама алды

    Теннисші Зара Дәркен Италияның Соларино қаласында өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 жарысының іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті. Ол бірінші айналымда итальян Джорджи Паттиді 6:1, 6:2 есебімен жеңіп, іріктеу кезеңінің финалында тағы бір жергілікті теннисші Камилла Лерволинодан 6:1, 6:4 есебімен басым түсті. Енді негізгі кезеңнің алғашқы айналымында Ақтөбе теннис мектебінің түлегі 25 жастағы Ұлыбританияның спортшысы Абигейл Амоспен кездеседі. Осылайша, 15 ...

    Read More »

    Қазақтың жас теннисшілері әлемдегі үздіктер қатарына кірді

    Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Аружан Сағындықова 77-орынға шықты. Ал Сандуғаш Кенжебаева 79-орыннан 78-орынға көтерілді. Осы екі теннисшіміз әлемдегі үздік 100 ойыншының қатарына кірді. Бұдан басқа Жанель Рүстемова 147-орынға жайғасты. Дана Байдәулет 167-орынға орналасты. Ол бірден 49 сатыны артқа тастады. Сонымен бірге Еркежан Арыстанбекова 193-ші, Айя Нұпбай 211-сатыға ...

    Read More »

    Алматыда теннистен TS CUP жұптық жарысының жалауы желбіреді

    11 қыркүйек күні Алматы қаласындағы ЦСКА ҚТФ теннис орталығының корттарында Серік Төлбасов Қорының қолдауымен теннис жанкүйерлері арасында TS CUP финалдық турнирі өтті. Әуесқой теннисшілер жұптық жарыста күш сынасып, 3 млн теңге болатын жүлде қорын сарапқа салды. Бұл жарыс биылғы 20 сәуір күні басталған серияда төртінші, қорытынды жарыс болды. Бір жыл ішінде TS CUP турнирлеріне Қазақстаннан 37 спортшы қатысты. Жарыстың жүлде ...

    Read More »

    Алматыда «Пинг-понг ханшайымы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

    27-28 тамыз күндері Алматыда Қазақстанның үстел теннисі федерациясы мен  ҚХР-дың бас консулдығының қолдауымен BAURZHAN Foundation» жеке қорының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтті. 13 пен 16 жас арасындағы қыздар жарысында  Рудный қаласынан келген  Ольга Ким, ал 9 бен 12 жас аралығындағы сында Қарағанды облысы «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Тузова Евгения жеңімпаз атанды. Енді олардың Шанхай қаласындағы ...

    Read More »

    Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: «Бұл жарыс жастардың қарымын көрсетеді»

    Астанада өтетін Гранд финал турнирі қарсаңында Парламент Сенатының төрағасы, Үстел теннисі федерациясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне неліктен әлемдік дәрежедегі сайыс ТМД мемлекеттерінің арасында алғаш рет Қазақстанда болатынын айтып берді. — Қасым-Жомарт Кемелұлы, алда үстел теннисінен Астанада өтетін Гранд финал сайысы келе жатыр. Біздің елдің жарысты өткізуде дайындығы қалай?  — Бұл турнирді өткізу — Қазақстанның үстел теннисі федерациясы үшін ...

    Read More »

    ITTF қараша айының рейтингін жариялады

    Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко ITTF рейтінгісінде тоқсан жетінші орынға көтерілді. Ол отандастарымыздың  арасынан  тұңғыш рет үздік жүздікке кірген спортшы ретінде тарихта қалмақ. Бақытбек ХАМИТ. Ұлттық Олимпиадалық комитет.

    Read More »

    Астанада үстел теннисінен «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді

    Желтоқсанның 14-17 аралығында Астананың «Дәулет» спорт кешенінде үстел теннисінен әлемдік «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді. Осыған байланысты бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне  баспасөз мәслихаты  өтті. БАҚ өкілдерінің басын қосқан шараға Үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Серік Қасқабасов, Мәдениет және спорт министрілігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев пен әлемдік «World Tour Grand Finals» ...

    Read More »

    Зарина Дияс Манчестерде өткен турнирде жеңіске жетті

    Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында өткен ITF турнирінде топ жарды. Финалдық кездесуде ол сербиялық Александра Круничпен кездесіп, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті. 24 жастағы сербиялық теннисші әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингінде 101-орында тұр. Ал 23 жастағы отандасымыз – 207-орында. Мәліметтерге сәйкес, жарыстың жүлде қоры 100 мың долларды құрайды. Айта кетейік, Зарина Дияс жартылай финалда жергілікті теннисші Наоми Брэдиді ...

    Read More »