• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннисші Рахматуллаев Тегерандағы турнирдің жеңімпазы атанды

    Теннисші Даниал Рахматуллаев Иран Ислам Республиксының астанасы – Тегеран қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF Juniors J100 TEHRAN турнирінің жеңімпазы атанды.

    Даниал Рахматуллаев (284 ITF Juniors) финалда корт иесі Амирали Гаваманы 6:0, 6:1 есебімен ұтты.

    Ол турнирде барлық қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңді.

    Бұл – 16 жастағы Рахматуллаевтың Ирандағы екінші титулы. Бұдан бір апта бұрын ол тағы бір жарыста жеңімпаз атанған еді.

    Тағы бір қазақстандық теннисші Жақас Қозыбақ жұптық сында үздік шықты. Ол ресейлік Дмитрий Буртцевпен бірге тартысты өткен соңғы бәсекеде Заңғар Нұрланұлы пен ирандық Криш Тиаджиді 7:6 (7:3), 3:6, 10:8 есебімен ұтты.

    Даниал Рахматуллаев — Ақтау қаласы теннис мектебінің түлегі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *