Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты.
Рыбакина үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен ойнады.
Олар кортта алғаш рет кездесті. Лондонда жаңбыр жауып, матчтың өзі біршама уақытқа кешігіп басталды.
Бірінші партияда Елена Рыбакина брейк жасап, 3:1 есебімен алға шықты. Сосын тағы бір брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Сөйтіп, өз геймін қиналмай ұтты. Есеп – 6:1.
Рыбакина екінші сетті де есепті 2:0-ге жеткізіп, брейкпен бастады. Одан кейін матчты кезекті брейкпен тәмамдады. Есеп – 6:1.
Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке теннисші 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
Енді Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездеседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА