• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакинаның суреті бейнеленген пошта маркасы шығарылды

    Әлемнің 3-ракеткасы, Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакинаның суреті бейнеленген «Қазпошта» маркасында шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Бұл – ел тарихында теннисшінің суреті басылған бірінші пошта маркасы.

    Елена Рыбакина елімізде теннистің кеңінен таралуына және насихатталуына көп еңбек етіп келеді. Сондай-ақ әлемде еліміздің абыройын арттыруға өз үлесін қосып жатыр.

    Теннисшінің суреті бейнеленген пошта маркасы «Спорт» сериясы бойынша «Қазақстан чемпиондары. Елена Рыбакина» деген тақырыппен шықты.

    Пошта маркасы офсеттік тәсілмен төрт бояумен басылған.

    Осы күндері Рыбакина Уимблдон турниріне қатысуға дайындалуда. Ол турнирдегі алғашқы ойынын әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерске қарсы өткізеді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *