• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бибісара Асаубаеваның суреті бейнеленген пошта маркасы шықты

    Шахматтан әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер, шахмат тарихындағы блицтан ең жас әлем чемпионы Бибімсара Асаубаеваның суреті бейнеленген пошта маркасы шықты.

    «Қазпошта» АҚ-тың хабарлауынша, акционерлік қоғам «Қазақстан чемпиондары» тақырыбында «Спорт» сериясымен пошта маркасын шығарған.  Пошта маркаларында шахматшы Бибісара Асаубаева мен теннисші Елена Рыбакина бейнеленген.

    Бибісара Асаубаева – әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол шахмат тарихындағы блицтан ең жас әлем чемпионы. Рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.

    Елена Рыбакина – теннисші, Уимблдон-2022 жекелей сынында Үлкен дулыға жеңімпазы, WTA жекелей сынында бес турнирдің жеңімпазы, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер командалық біріншілігінде Еуропа чемпионы.

    Марка офсеттік мөрмен басып шығарылған, 4 бояумен боялған, перфорация — рамалық. Шығарылым формасы — екі маркалы пошта блогы. Блоктың мөлшері 120х48 мм. Марка мөлшері 52х29,6 мм. Номиналы 600 теңгеден. Таралымы 10 000 блок. Дизайнын Іңкәр Оңғарбай жасады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *