Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Биылғы жарыста Рыбакина басты фавориттерінің бірі болып саналады.
Қазақстан теннисшісі алғашқы айналымда әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен кездесіп, оны 6:4, 6:1, 6:2 есебімен ұтты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Матчта Рыбакина 2:0 есебімен брейкпен алға шығып, сол басымдылығын сет біткенше сақтап қалды. Екінші сетте де теннисшіміз 5:0 есебімен брейкпен алға шығып, – 6:4 есебімен жеңді.
Үшінші сетті де Рыбакина брейкпен бастап, есепті 6:2-ге жеткізді.
Ойын 1 сағат 43 минутқа созылды. Осы уақытта теннисшіміз 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.
Енді Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 74-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 127-сатыда тұрған жапониялық Нао Хибиномен кездеседі.
«Үлкен дулыға» турнирінің 20 дүркін жеңімпазы Роджер Федерер мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігінің ханшайымы Кэтрин Миддлтон тамашалады.