• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Криштиану Роналду Еуропаға оралуы мүмкін  

    Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаға қайтып оралуы мүмкін. Ол келесі футбол маусымында Германияның Бундеслигасында ойнауы мұмкін деген хабар шықты. Бұл туралы Португалияның А Bola спорт басылымына сілтеме жасаған Sport.novyny.live хабарлады.

    Басылымның хабарлауынша, 38 жастағы форвардқа Дортмундтың «Боррусия» клубы көз тігіп отыр. Бұл команда Чемпиондар лигасына жиі шығып жүрген клуб.

    Қазір Германия клубы оған ұсыныс дайындап отыр. Клубтың басшылығы шабуылшыны жарты жылға жалға алғысы келеді. «Боруссия»  Криштиану Роналуды команданың Чемпиондар лигасының плей-офф айналымына шығуына  көмектесе алады деген сенім білдіріп отыр.

    Сонымен бірг, Роналдуға Лиссабонның «Спортинг» жасағы да ұсыныс дайындап жатқан көрінеді. Клуб өкілдері Роналдуды «Әл-Насрдан» кейін бір маусым болса да өз елінің клубында ойнайды деп үмітттеніп отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *