• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Уимблдон турнирі: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

    Теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесіп, алғашқы партияда 7:6 есебімен ұтса, да кейінгі екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

    Енді Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол дүниежүзілік рейтингте 18-орында тұрған америкалық Мэдисон Кизді 6:2, 6:4 есебімен ұтты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *