• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Уимблдон турнирі: Рыбакина ширек финалға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнады.

    Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 3:1 есебімен брейкпен алға шықты. Содан кейін өз геймін алды. Есеп – 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.

    Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен кездеседі.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *