Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнады.
Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 3:1 есебімен брейкпен алға шықты. Содан кейін өз геймін алды. Есеп – 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабер немесе рейтингте 9-сатыдағы чехиялық Петра Квитованың біреуімен кездеседі.