• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Мергендер XV әлем чемпионатында 17 жүлде жеңіп алды

    Біздің сұрмергендер Оңтүстік Кореяда өткен XV әлем чемпионатынан қанжығаларын медальға толтырып оралуда.  Қазақ ұлттық құрама командасының спортшылары  әлемдік айқаста жиыны 3 алтын, 2 күміс, 12 қола медаль   ұтып алды деген сүйінші хабар алдық. Жеңімпаз спортшыларымыз арқылы Оңтүстік Кореядағы Дүниежүзілік ат үстінен садақ ату федерациясы Ұлттық спорт қауымдастығына арнайы сыйлық жолдапты. Оңтүстік Кореяның Сокхчо қаласында ат үстінен садақ атудан өткен XV ...

    Read More »

    Әлем чемпионатында қазақ мергендері жүлде алды

    Бүгін Оңтүстік Кореядан сүйінші хабар алдық. Ат үстінен садақ атудан ұйымдастырылған әлем чемпионатының  командалық жарысында біздің үш мергеніміз қола жүлдегер атанды. Оңтүстік Кореяның Сокхчо қаласында ат үстінен садақ атудан XV әлем чемпионатының 27 тамызда басталғанын, біздің Абзал Тулыбеков, Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Айтбек Сарыбай  есімді мергендеріміздің осы жарыстың бел ортасында жүргенін бірер күн бұрын хабарлаған болатынбыз. Биылғы әлем чемпионатында 27 ...

    Read More »

    Қазақтың төрт мергені әлем чемпионатына қатысып жатыр

    Бірер күн бұрын қос жаттықтырушы бастаған төрт таңдаулы мергеніміз  Оңтүстік Кореяда ат үстінен садақ атудан  ұйымдастырылған әлем чемпионатына аттанған болатын. Қазіргі кезде  Ералхан Айкөз, Абзал Тулыбеков,  Айтбек Сарыбай, Бабажан Бақдәулет есімді спортшыларымыз Оңтүстік Кореяның Каңвондо провинциясындағы Сокхчо қаласында  өтіп жатқан XV әлем чемпионатында бақ сынауда. Жанкүйер жадына салып өтелік, біздің мергендеріміз Оңтүстік Кореядағы әлем чемпионатына биыл екінші  мәрте қатысуда. Өткен ...

    Read More »

    Ақтөбеде V фестиваль өтеді

    Ұлттық спорт түрлерінен республикалық V фестиваль 18-25 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында өтеді. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын аталмыш бәсекеге қатысушылар ұлттық спорттың он түрінен бақ сынайды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы. Атап айтқанда, 18 қыркүйекте басталатын V фестивальде көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, құсбегілік (бүркіт, қаршыға, ителгі), бәйге түрлері (ат, құнан), тоғызқұмалақ, асық ату, жекпе-жек (ерлер және әйелдер ...

    Read More »

    Атамекен Рүстемов — мемлекеттік жаттықтырушы

    Кеше Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің бұйрығымен бұған дейін көкпардан Қазақстанның жастар құрама командасының бас жаттықтырушысы болған Атамекен Рүстемов «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК ұлттық ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы. Көкпардан және аударыспақтан «Қазақстан Республикасының спорт шебері», көкпардан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» атанып, Жамбыл облыстық көкпар федерациясының вице-президенті, ...

    Read More »

    Қазақ күресінің қара нары

    Жалпы өмірде жүрген жерінде жан-жағына жылу шашып, адамдарға жақсылық жасап жүретін адамдар болады. Сондай асыл азаматтың бірі ғана емес, бірегейі Серік Адамболсынұлы Түкеев ағам асқаралы 62 жасқа толып жатыр. Алайда, ел үшін туылған есіл ер туған күнің отбасы, ағайын-тума, достарының ортасында емес тар қапаста қарсы алуда. Нақты айтар болсақ, жазықсыз жабылған жаланың құрбаны болып отыр. Қазақ күресін өрге сүйреп жүрген ...

    Read More »

    Ұлттық күрестің ұраншысы

    Серік Адамболсынұлы Түкеев! Қазақ спортының тарихында қазақ күресін алғаш рет Еуропа мен Азияны айтпағанда, Африка елдеріне, Бразилия мен Үндістанға жеткізген, 7 мәрте ересектер арасындағы әлем чемпионатын, 11 Азия біріншілігін, 3 әлем кубогын өзі бас болып ұйымдастырған нағыз ұлтжанды азамат! Бұл кісі осы еңбегімен ұлтымыздың спорттық тарихында қалды. Кезінде Серік Түкеев қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионатын ұйымдастыруға кіріскенде оның бұл тірлігіне күле ...

    Read More »

    Жетісуда жасөспірімдер чемпионаты аяқталды

    23 маусымда басталған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты 30 маусымда аяқталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы. 18 жасқа дейінгі жасөспірім спортшыларымыз бір апта бойы Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында  елішілік чемпионаттың жүлделерін сарапқа салды. Көкпар, аударыспақ, теңге ілуден VIII рет, ал, жамбы атудан V рет ұйымдастырылған жасөспірімдер чемпионатындағы спорттық бәсекелер туралы бұған дейін жеке ақпараттар жариялаған болатынбыз. Бүгін назарларыңызға чемпионаттың толық ...

    Read More »

    Аударыспақтың жасөспірім балуандары анықталды

    Алматы қаласының іргесіндегі «Байсерке» ипподромында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының 23 маусымда басталғаны туралы бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Бірнеше күн көкпардың топтық кездесулері өтті. Ал, кеше жасөспірімдер чемпионатындағы аударыспақ балуандары сынға түсіп, бес салмақ бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Қазақстан ұлттық спорт қауымдастығы.  2001-2003 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионатта балуандар 40, 50, 60, 70 және 70 килодан ...

    Read More »

    Жетісуда жасөспірімдер чемпионаты жалау көтереді

    23-30 маусым күндері Алматы қаласының іргесіндегі ипподромда ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз жалауын көтереді, деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығы. Жасөспірімдер чемпионаты Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес  Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өтеді. 2001-2003 жылдарда туған жасөспірімдер арасындағы елішілік чемпионаттың жалауы көтерілетін нақты мекен-жай – Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты «Байсерке» ипподромы. ...

    Read More »