20-27 қараша аралығында Өзбекстанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығы хабарлады.
Осы әлемдік бәсекеге Қазақстанның көкпардан ұлттық құрама командасы даярлықты қазірден бастады.
Жамбыл облысы, Меркі ауданында Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспар бойынша өтетін 18 күндік жалпы дене дайындығына арналған оқу-жаттығуға Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан барлығы 24 спортшы қатысады.
Атап айтқанда, оқу-жаттығу жиынына еліміздің үздік көкпаршылары – Ынтымақ Әліпбаев (Атырау облысы), Ұлан Байтөреев (Маңғыстау облысы), Нұржігіт Мырзабаев – (Түркістан облысы), Бәйдібек Сабыров (Түркістан облысы), Әділет Мамыт (Түркістан облысы), Темірхан Айтбаев (Түркістан облысы), Құрманбек Тұрғанбек (Жамбыл облысы), Бағлан Шырынбаев (Жамбыл облысы), Есжан Құрманбай (Жамбыл облысы), Наурызқожа Әмзеев (Қызылорда облысы), Әбуғали Әбдіжаппаров (Маңғыстау облысы), (Елдар Жиенқұлов (Атырау облысы), Жасұлан Айтбай (Атырау облысы), Абылайхан Нышанбеков – (Түркістан облысы), Дәулет Айтан (Түркістан облысы), Бақытжан Әзімбай – (Маңғыстау облысы), Асыланбек Сайдулла (Түркістан облысы), Манарбек Дүйсенбиев (Жамбыл облысы), (Құлажан Тоғайбаев (Жамбыл облысы), Болатбек Әлімбетов (Жамбыл облысы), Арслан Қабжанов – (Нұр-Сұлтан қаласы), Нұрлыбек Асқаров (Қызылорда облысы), Мейірбек Болысбек (Түркістан облысы), Бақтыбай Шырынқұлов (Түркістан облысы) қатысуда. Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы – Қуанышбек Құрамаев. Оқу-жаттығу 22 қазанда аяқталады.
Еске сала өтелік, Қазақстанның ұлттық құрама командасы бұған дейін көкпардан І Азия чемпионаты (2013 жылы) мен І әлем чемпионатын (2017 жылы) жеңіп алған болатын.