• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт

    Жамағат жарысының жалауы желбіреді

    Алматы қаласы мешіттерінің жамағаты арасындағы спартакиаданың жыл өткен сайын ауқымы кеңейіп келеді.  Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетініӊ алаӊында өткен бұл шараға 2000-ға жуық мешіт жамағаты жиналды. Жарысқа қатысушылар арқан тарту, армрестлинг, кір тасын көтеру,  қошқар көтеру, асық ату, петанк, допты қақпаға тебу секілді спорт түрлерінен бақ сынады. Жиналған жамағаттың назарын өзіне аударған – «Қошқар көтеру» сайысы болды. Шын мықтылар бәсекесінде ...

    Read More »

    Дария су аққан сайын тазарады

    Желтоқсан батырлары ешқашан ұмытылмайды Алматыдағы  Орталық саябақтағы Мұхтар Әуезов атындағы стадионның жанында орналасқан күрес залында тамаша бір игілікті де сауапты спорттық шара өтті. Қазақ күресінен студенттер арасында өткен бұл дүбірлі қалалық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына және Желтоқсан көтерілісінің қаhарманы Ербол Сыпатаевты еске алуға арналды. Оған қаладағы 10-ға тарта Желтоқсан ұйымының басшылары құрметті қонақ ...

    Read More »

    Қазақ спортының тарихшысы

    Жақында белгілі қаламгер, спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбек «Қазақтың 72 бапкері» мен «Саңлақ» деген кітаптарын шығарып, оқырман қауымды қуантты. Қыдырбек ағаны қазақтың қалың оқырманы өткен ғасырдың 80-жылдарынан жақсы біледі. Ол кісі қазақ спорт журналистикасының көшбасшысы Сейдахмет Бердіқұлов басқарған «Лениншіл жас» газетінде қарымды қаламгер Несіп Жүнісбайұлымен бірге спорт тақырыбында қалам тартты. Сол кезден бері ол еліміздің барлық жаттықтырушыларымен, спортшыларымен, спорт мамандарымен, басшыларымен, ...

    Read More »

    Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң

    Құсбелік пен Саятшылық өнері Елімізде ұлттық спортымыздың ішінде құсбелік пен саяткерлік өнерін дамытып жүрген жалғыз ғана ақжаулықты аяулы жанашыр жан бар. Ол – Бағдат Мүптекқызы. Қазақтың осы бір ұлттық өнерінің өрісін кеңейтіп, жағын жоқтап, қазанынында күйіп-пісіп ел алғысына бөленіп жүрген «бүркітшілердің апасы» атанған аяулы жан «Қыран» федерациясының атқарушы директоры,  «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалінің иегері, «Құрметті спорт қайраткері», «Ұлт ...

    Read More »

    Тұмарлы тұлпар

    Күн ұясынан көтерілгенде атқорада тұрған ақбозат иесінің келуін елеңдей күтеді. Қолына жүгенін сүйретіп иесі қораға кіре бастағанда ақбоз кісінеп жіберді. Онысы «жеттің бе әйтеуір», дегенді білдіргендей. Құйрық-жалын сипай келіп, жүгенді мойынына сала бастағанда ақбоз ат  иесіне еміренеп жеңінен тартып еркелеп  қоятын. Бүгін де сол әдетін қайталады. Ергеш те  кезінде дүйім жұрттың дүлділді тұлпарына айналып, көкпардың айлалы арғымағы атанған ақбозын қайыра ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Қазақстан үшін !!! 1983 жыл! Мәскеуде КСРО Халықтарының VIII Спартакиадасы өтті. Ол кезде спорт журналистикасының атына тақым тастай бекіген, жарыстан қалмаймыз, біз де бардық. Бүгінгі жастарға түсінікті болсын, ол кезде КСРО-да бұл СПАРТАКИАДАДАН асқан маңызды жарыс жоқ болатын. Ол жарыстардағы нәтижені КПСС Орталық комитетінің өзі бақылауда ұстап, жақсы нәтиже көрсетсең бастан сипап, нашар нәтиже көрсетсең құйрықтан шықпыртатын! Өйткені, бұл Спортакиададағы ...

    Read More »

    Жақсылықтың қазасы – қазақ қоғамының қабырғасын қайыстырды

    Артық айтты демеңіздер, кеше «Жақсылық қайтыс болыпты!» дегенді естігенде менің өз басымның өмір сүріп жатқан кеңістігім күл-парша болып күйреп түскендей болды! Сонау оттай қызу шағымда спорт атты өнерді таңдап алып, содан бергі 45 жылда (!) әр сағат, әр күнімді Жақсылықсыз өткізбегендіктен бе, Жеңіс, Чемпион атақтарын Жақсылықсыз тойламағандықтан ба, жеңіліс пен сәтсіздікті Жақсылықсыз жүректен өткізбегесін бе, оның ұлы табиғаты менің кеудеме ...

    Read More »

    Жақсылық ағадан қапыда айырылып, қанатымыз қайырылды

    Бір жапырақ кеудесіне бүкіл қазағын сыйғызған Жақсылық ағатайым Жаратқан Иеміздің құзырына қайтыпты. Жанарымыз жасқа шыланды. Көкіректі мұнар шалды. Барша Қазақ жұртына Жақсылық Үшкемпіровтің қазасына орай көңіл айтамыз. Алла Тағала ағамыздың мәңгілік мекенін жәннат бақшаларынан қылсын! Отбасына, етжақындарына Алланың нығметі мен берекесі нәсіп болсын! Жақсылық ағатайым ұлтының тарихындағы ірі тұлғаның бірі ғой. Ол кісінің басынан өткен мына бір екі сәтті қайта ...

    Read More »

    Ат құлағында ойнайтын ақсақал

    Көкпар – ұлттық өнеріміздің бір тармағы. Ендеше,  сол  ұлттық спорт  ойындарымыздың  жібін үзбей  ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқаны  елдегі атқұмар ақсақалды абыздарымыздың  да қосып жатқан үлесі зор деп білеміз. «Есік алдында төбе болса, ерттеулі атпен тең, ауылыңда қарт болса, жазып қойған хатпен тең», деген  екен бабаларымыз. Ауылыңда ақсақалды қарт жүрсе, береке, байлық, ынтымақ бірге ілесіп жүргендей сезілетінін белгілі. ...

    Read More »

    Бақыт Балуан

    Жаңбырбаев. Осы бір тек ел арасында айтыла қалса, «Балуан, бапкер Бақытты меңзеп тұрсың ғой» деп емірене кететін ел-жұрт көп бүгінде. Иә, Жаңбырбаевты тек спортшылар ғана емес, былайғы жұрт та өте жақсы біледі. Өйткені, көкірегі ояу, көзі ашық, көпшіл азамат. Биылғы жылдың 28-ші сәуірінде бұл кісі жетелі жас – 70-ке келді. Арда ағамыздың редакциямыздың атынан мерейтойымен құттықтай отырып, оның өткен өнгелі ...

    Read More »