• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Құрбан айт жарыстың көрігін қыздырды

    Барша мұсылманның көптен күткен Құрбан айт мерекесі де келіп жетті. Қасиетті Айт күнінде жағдайы келген әрбір мұсылман құрбан шалуға міндетті. Дегенменде хадисте: «Нағыз байлық – дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан сарайының байлығы», – деген. Ендеше, бұл күні иманын  күшейтіп, жақындарын аралап Айт мерекесімен құттықтап, қауышу да адамның жан сарайының байлығын нығайта түседі.

    Таң қылаулап ата бастаған сәттен бастап бұл күні халық мешітке Айт намазына қатысуға асығады. Құрбан айтта төрт мүшесі түгіл қошқарды құрбандыққа шалып, бір бөлігін өзіне қалдырып, қалған бөлігін жетім-жесір, жағдайы төмен отбасыларыға таратып беру үлкен сауап болса, бұл күні денсаулыққа да көңіл бөліп, салауатты  шараларға белсене қатысып, көңіл көтерудің де маңызы зор екен.

    Негізі соңғы кездері Құрбан айт мерекесіне қатысты спорт түрлерінен дүрмекті жарыстарды ұйымдастыру дәстүрге айналып келеді. Бұл да бір жақсы бір жаңалықтың жаршысы деп білеміз. «Дені сау адамның жан сау», – деген қазақпыз. Біз пендеміз ғой, сондықтан да денсаулықтың қадірін ауырғанда ғана біліп «аһ ұрып жатамыз. Ал, сол аурудың алдын алуды ертерек ойлансақ еш қауіп келмес еді. Денсаулықтың мықты болуы адамның салауатты өмір сүру салтында екені ол қабырғаға қағылған шегедей аксиома десек болады. Пайғамбарымыздың өзі салауатты өмір салтына ден қойған. Міне, бүгінгі қасиетті Құрбан айт мерекесінің келуіне орай, Алматыдағы орталық мешітте қалалық Дін істері басқармасының басшылығымен ұлттық спорт түрлерінен тартысты жарыстардың ұйымдастыруы мерекелік шараның тамаша бір тұздығы болды деуге келеді. «Ұлттық мұра» бағдарламасының аясында өткізілген спорттық шарада, мешітке жиылған халық;  арқан тарту, асық ату, қол күрестіру, гір тасын көтеру, қошқар көтеру және тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындарымыздан жарыс алаңдарында бақтарын сынады.

    «Ұлттық мұра» бағдарламасының мақсаты – мешіт жамағаты арасында денешынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау. Ендеше, жолы жарқын, алар асу алада, тәрбиелік  жағы басым бұл бағдарлама көптің көңілінен шыққан жақсы бір сауапты шара болып отыр деп айтамыз.

    Хош, сонымен мешіттің айналасындағы әрбір жерде жасалған спорт түрлерінен өтіп жатқан жарыс өте тартысты басталды. Әсіресе, асық ату, қол күрестіру, арқан жарыстарына қатысқан индустармен ала шапанды өзбек ағайындар жеңіс үшін бар күштерін аянып қалмады. Дегенменде ұлттық спорт түрлерінің қайсібірін  алып қарасаң да өздерін судағы балықтай сезінетін қаракөз жастарымыздың атойлап көрсеткен өнерлеріне көпшілік қол соғып қошамет көрсетіп жатты. Сонымен, жарыс қортындылары бойынша  танадай семіз қошқарды иығына асып алып,  2 минутта 84 рет көтерген  Бауыржан Әбілқайым сыйға тігілген  өз жүлдесін жетегіне байлап алып кетті. Ал, қол күресінде Абзал  Пірімбекке ешкім қарсы келмесе, гір тасын 55 рет көтерген Алмас Бөкенов бас жүлденің иегері атанды. Асық ату ойынында Бекзат Әшірбай ала сақасын шиіріп алып керемет дәлділікпен дара шықса, тоғызқұмалақта спортында  Бекмұхамбет Айтжан пен Оразбек Қалбеков бас бәйгені  жеңіп алды. Арқан тарту сайысы да тамаша қызықтарға толы болды. Бұл жарыста «Сұңқар» тобы қарсыластарын түгелдей жеңіп, үздік шықты.

    Осылайша, Қасиетті құрбан айттың құрметіне арналған жарыстар аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Иә, «Бүгінгі күн ертеңгі тарих», десек,  жеңісімен жүздері жарқырап тарап бара жатқан жамағат айтулы күнді көпке дейін еске алып  айтып жүретінінде күмән жоқ. Тек Алла тағала, айттан айтқа басымыз, аман бауырымыз бүтін қылып аман – есен жеткізсе деп тілейік.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

    3 пікір

    1. Казино Вавада

      Благодарим за предоставление информации.

    2. сайт вавады

      Спасибо за предоставленную информацию.

    3. Виктория

      Интересно. Аккумуляторные батареи вилочных погрузчиков подвергаются постоянным нагрузкам, поэтому ремонт аккумуляторов для вилочных погрузчиков это закономерный процесс. Проще всего восстановить АКБ, а не покупать новую.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *