(Амангелді Сейітхановтың құрметіне команда құрылды)
Жақында астанада шағын футболдан журналистердің BAQ League біріншілігінің кезекті маусымы басталды.
Оған белгілі журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітхановтың құрметіне құрылған «Жеңіс Dream team» командасы да қатысып жатыр. Осы жасаққа жиналған барлық жігіттерге алғысымды айтамын. Командаға шақырған әріптесім Всеволод Хванға ризашылығымды білдіремін. Аужекең екеуі «Литер» командасында бірге ойнаған еді. Ол кезде Аман ағаммен мен 2020 – 2021 жылдары «Фолиант» баспасының клубында доп тепкенде кездесіп жүрдік.
Ал мені «Фолиант» баспасының командасына шақырған белгілі ақын Дәурен Берікқажы болатын. Бұған дейін студент кезімде Алматыда «Dostar international» аула клубын, 2001 – 2017 жылдары «Астана ақшамы», «Егемен Қазақстан» газеттері мен Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығы Астана қалалық филиалының «Жеңіс» командасын жасақтап, көптеген жарыстарға қатысқан едік. «Жеңіс» командасы дегенде біз Аман ағам екеуміз бір клубта ойнаған едік. Оны командаға шақырған едім. Ол соған риза болып, бір маусым астанадағы бұрынғы «Автомобилист» стадионының (қазіргі Бокс орталығының) көкмайса алаңында доп тепкенбіз. Ал менің студент кезімдегі алғашқы командам – «Dostar international» Алматының аула командаларымен және қаланың шетіндегі ауылдарға барып ойнаса, «Астана ақшамы» қалалық турнирлерде топ жарып жүрді. «Егемен Қазақстан» газетінің жасағы журналистер арасында Қазақстан Әуесқой футболшылар лигасына қатысқан алғашқы команда болып, жақсы ойын өрнегін көрсетті.
Біздің клуб әуелі «В» лигасында, одан кейін «А» лигасында Қазақстан атынан Еуропаның Әуесқой футбол лигасына қатысқан ұжымдармен талай рет иық теңестіріп ойнады. Осы жылдары бас басылымның клубы жылда Алматыда, одан кейін Астанада жалауы желбіреген Сейдахмет Бердіқұловты еске түсіруге арналған турнирге қатысып отырды.
2016 жылы біздің Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының Астана қалалық филиалы алғаш рет ұйымның кубогы үшін БАҚ-ның сегіз командасы бас қосқан турнир өткізді. Осы сында аталған бірлестіктің «Жеңіс» клубы кубоктың иегері атанды. Одан кейін «Жеңіс» жасағы екі маусым BAQ League біріншілігіне қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
Содан кейін 2020 жылы үш жыл үзілістен кейін «Фолиант» баспасының шақыруымен қайтып алаңға шыққанмын. Енді міне, бір жарым жыл үзілістен соң, 44 жасқа қараған шағымда тағы жасыл алаңға шығып отырмын. Команданың жігіттеріне сенім білдіргені үшін рахметімді айтып, шама келгенше жасақты жерге қаратпауға тырысамын деп сөз бердім. Бұған талай командаларды құрып, аяққа тұруына жүгіріп, жарыстарда басынан соңына дейін жүрген аз-маз тәжірбиемнің де септігі тиеді деп ойлаймын.
Футбол ойнауды 10 жасымнан бастасам, қазір көз алдыма 18-22 жаста «Dostar international» клубында ойнаған шағым, 23-25 жаста «Астана ақшамы» газетінің намысын қорғаған жылдарым, 26-39 жаста «Егемен Қазақстан» мен «Жеңіс» жасақтарында доп тепкен кезім, 42-43 жасымда «Фолиант» футбол командасында жасыл алаңға шыққаным көз алдыма келеді. Жас алады екен. Бірақ, «Спорт деген бір сиқыр» деп бекер айтпайды…
Дастан КЕНЖАЛИН
XI СЕЗОН. NUR-SULTAN CITY — ЖЕҢІС DREAM TEAM — YouTube
Спасибо вам за информацию. Фиаты у нас любят, а если еще и скрутить пробег на fiat в хорошей компании, чтобы без следов, например тут https://obdservice.ru/skrutit-probeg/fiat , то заберут авто сразу же.