• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Велоспорт

    «Велосипедпен – қажылыққа!»: павлодарлық журналист Маңғыстау облысына жетті

    28 мамырда Екібастұз қаласынан велосипедпен Сауд Арабиясының Мекке қаласына қажылық парызын өтеуге жолға шыққан республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Қожакелді Алданов Маңғыстау облысының Шетпе ауданының орталығы Шетпеге жетті. Бұл сапар «Құнанбайдың ізімен Мекке сапары» деп аталады. Әріптесіміз Қазақстаннан Әзербайжанға, одан әрі Грузия, Түркия, Иордания елдері арқылы екі теңізді кесіп өтіп, Сауд Арабиясына жетуді жоспарлап отыр. Қожакелді Алданов ...

    Read More »

    Велоспорт: Артем Захаров Азия чемпионатының күміс жүлдегер атанды

    Малайзияның Нилай қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионатының соңғы күні Артем Захаров күміс жүлдеге ие болды. Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Артем Захаров омниумнан өткен бәсекеде екінші орыннан көрінді. Ол жарыс қорытындысы бойынша 122 ұпай жинап, екінші болып мәреге жетті. Бірінші орынды 139 ұпай алған Жапония спортшысы Эйя Хашимoто жеғңіп алса, үшінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Пак Сан-Хун ...

    Read More »

    Қазақстан Олимпиадаға алғашқы лицензиясын жеңіп алды

    Тасжолдағы велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы 2024 жылы Францияның астанасы -Париж қаласында жалауы желбірейтін Жазғы Олимпиялық ойындардың бір лицензиясын жеңіп алды. Қазақстан құрамасы бір аптаға созылған Азия чемпионатында 15 жүлдеге (8 алтын, 4 күміс, 3 қола) ие болды. Әзірше Олимпиадаға ең көп лицензияны  Францияның  366 спортшысы (алаң иесі), АҚШ-тың 131 өкілі, Ұлыбританияның 64 атлеті мен ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы шосседегі велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты бағдарламасының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды. Қазақстан велоспорт федерациясының хабарлауынша, ерлер арасындағы топтық жарыста Глеб Брусенский жеңіске жетіп, алтын медаль алды. Одан кейін мәреге Евгений Гидич келді. Үздік үштікті Юкия Араширо (Жапония) түйіндеді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Андрей Ремхе велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Андрей Ремхе мәреге бірінші болып келді. Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол белгіленген 30 шақырымды 36:11.058 секундта жүріп өтті. Одан кейін мәреге қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан жетті. Бірнеше күн бұрын аралас командалық сында Ұлттық құрама чемпион атанған болатын.  Ол кезде Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Павлодарлық журналист Меккеге велосипедпен бара жатыр

    28 мамыр күні Республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Қожакелді Алданов Екібастұз қаласынан Сауд Арабиясының Мекке қаласына аттанды. Бұл туралы осы басылымның бас редакторы Мұсағали Тасқалиев айтты. Біздің  «Спорт жұлдыздары» журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Қожакелді Алданов велосипедпен Екібастұз қаласынан қасиетті Меккеге қажылық парызын өтеуге шықты. Бұл сапар «Құнанбайдың ізімен Мекке сапары» деп аталады. Әріптесіміз Қазақстаннан Әзербайжанға, одан ...

    Read More »

    Веломарафоншы 1250 шақырым жүріп, Түркістанға жетті

    Жетісу облысы, Қарабұлақ ауылының 63 жастағы тұрғыны Бақытжан Бектенов велосипедпен 1 250 шақырым жол жүріп, Түркістан қаласына 6 күнде жетті. Ол бұрыннан бері веломарафондарға қатысып келеді. Велошабандозды Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев қарсы алып, құрмет көрсетті. Ал Бақытжан Бектенов жиналған көпшіліктің алдында сапарының мәні мен маңызын,  Түркістанның мәдениеті және туризмімен жіті танысқым келетінін айтты. Мені ...

    Read More »

    V Исламиада: Қазақстанның жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тізімі жарияланды

    Түркияның Кония қаласында V Ислам ынтымақтастық ойындары аяқталды. Бұл дүрмекті додада Қазақстан спортшылары 27 алтын, 23 күміс және 39 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте бесінші орынмен қорытындылады. Оқырманның назарына журналист Мұсағали Тасқалиевтің Исламиада туралы материалын ұсынуды жөн көріп отырмыз. Ислам ойындары – Ислам конференциясы ұйымына кіретін елдердің ең ірі халықаралық жарысы. I Ислам ойындары 2005 жылы Сауд Арабиясында өтіп, 54 мемлекет ...

    Read More »

    «Ыбырайдың ізімен» атты Нұр-Сұлтан – Қостанай велошеруінің аттану рәсімі

    Бұл веломарафон Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына және Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының 100 жылдығына, сондай-ақ еліміздегі барлық ұстаздар қауымына арналады.     «Нұр-Сұлтан – Қостанай» велошеруі 23 тамыз күні, дүйсенбіде,  таңертеңгі сағат 09. 00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойындағы Ыбырай Алтынсаринге орнатылған тақтатас жанынан бастау алады. Аттанатын жердің нақты мекенжайы – Ілияс Есенберлин көшесі, 20/1 үй. ...

    Read More »

    Жеті жастағы жас спортшы антиядролық велошеруге қатысты

    Жас спортшы Альтаир Омаров Қазақстанның бастамасымен БҰҰ жариялаған Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн аясында отандық дипломаттардың «Бейбітшілік үшін велосипед» қозғалысымен бірлесіп ұйымдастырған Шығыс Норвегия қалалары арқылы антиядролық велошеруге қатысты. –Мен соғыстың болмауын қалаймын, барлық елдердің балалары бір-бірімен еркін ойнауына мүмкіндік болуы керек, — деді жас отандасымыз  велошеру басталмас бұрын. Велошерудің ашылу рәсімі Норвегияның Брумундал қаласында ағаштан жасалған әлемдегі ең үлкен ...

    Read More »