• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда веложарысқа байланысты жолдар жабылады

    Алматыда әуесқой велосипедшілерге арналған Tour of World Class Almaty веложарысы өтеді.

    Веложарыс 6 тамызда «ALMATY ARENA» көпфункционалды кешенінің аумағынан басталады.

    Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті қаланың тұрғындары мен қонақтарына веложарыс өтетін жерлерде жол қозғалысының ішінара жабылатынын хабарлады.

    Көлік қозғалысы мына көшелерде шектеледі:

    Момышұлы көшесінен Доспанова көшесіне дейінгі ALMATY ARENA-ға іргелес жолдың қысқа бөлігі 6 тамызда сағат 02.30-дан 17.30-ға дейін екі бағытқа да жабылады.

    Доспанова көшесімен айналма жолдан Аднан Мендерес көшесіне дейінгі қозғалыс екі бағытта да сағат 06.00-ден 09.50-ге дейін жабылады.

    Момышұлы көшесі бойынша Аднан Мендерес көшесінен Мөңке Би көшесіне дейінгі қозғалыс 06.00-ден 09.50-ге дейін жабылады.

    Момышұлы көшесінен Мөңке би көшесі бойымен Момышұлы көшесінің жалғасына дейінгі қозғалыс 06.00-ден 09.50-ге дейін жабылады.

    Момышұлы көшесі бойынша Мөңке Би көшесінен Үлкен Алматы каналы бойы көшесіне дейінгі қозғалыс 06.00-ден 09.50-ге дейін жабылады.

    ҮАК бойы көшесіндегі Момышұлы көшесі бойымен Экологиялық бекетке дейінгі қозғалыс 06.00-ден 09.00-ге дейін жабылады.

    Индустриялық аймақтың айналасындағы қозғалыс 06.00-ден 09.00-ге дейін жабылады.

    Деректер веложарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып енгізілді. Жолдардың жабылуын ескеріп, оңтайлы маршрутты табу үшін 2GIS қосымшасын пайдалана аласыз. Іс-шара өтетін күні қоғамдық көлік қүнделікті режимде жұмыс істейді және оған жеке жолақ бөлінеді, — деп хабарлады ұйымдастырушылар.

    Жарысқа қатысушылар жетістіктері мен табандылығын білдіретін медальдармен марапатталады. Абсолютті санатта 48,5 шақырым қашықтықта ерлер мен әйелдер арасындағы ең жылдам спортшылар тек құрметті атаққа ғана емес, ақшалай сыйлықтарға да ие болады.

    Бірінші орынға 100 000 теңге, екінші орынға 80 000 теңге, үшінші орынға 60 000 теңге беріледі. Әр түрлі жас санаттарындағы 48,5 шақырым, 33,5 шақырым және 14 шақырым қашықтықтағы жеңімпаздар серіктестердің медаль және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

    Жарыс уақыты:

    6:00 – 48.5 км тасжол велосипедтері6:05 – 33.5 км тасжол велосипедтері

    6:11 – 33.5 МТБ велосипедтері

    9:10 – 14 км балалар қашықтығы.

     

    Думан АМАНЖОЛҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    ФОТО: Tour of World Class Almaty ұйымдастыру комитеті

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *