• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Универсиадада 100 метрге жүгіруден антирекорд тіркелді (ВИДЕО)

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада антирекорд тіркелді. Олай дейтініміз, 100 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы жарыста Сомали елінің спортшы-студенті Насыр Әли Абукар мәреге әрең дегенде ең соңғы болып жетті.

    Ол жарыс жеңімпазынан 10 секундқа қалып, 100 метрді 21,81 секундта жүгіріп өтті. Fox Sports ақпараты бойынша, мұндай жағдай Универсиада тарихында ешқашан болмаған. Бұл ешкім күтпеген оқиға. 100 метрге жүгірудегі рекордпен салыстыра қарайтын болсақ, әйелдер арасындағы әлем рекорды 10,49 секунд, ал студенттер арасындағы үздік нәтиже 11 секунд болған. Яғни, жарысқа қатысушылар осынмаша секундта 100 метрге жүгірген.

    Биылғы Универсиададағы антирекорд туралы ақпарат та жан-жаққа тарап жатыр. Оның видеосы ғаламторда жылдам тарап кетті. Видеодан 20 жастағы сомалилік студенттің (Егер ол студент болса, — ред.) жүгіруден хабары аз, жарысқа аса қатты дайындалмағанын да көруге болады.

    Осы оқиғадан кейін Сомалидің спорт министрі Барре Мохамуд көпшілік алдында кешірім сұрады деген шықты. Сондай-ақ ол елдің жеңіл атлетика федерациясы басшысын қызметінен босатқанын хабарлады. Кейбір БАҚ антирекорд жасаған Насыр Әли Абукарды Сомали жеңіл атлетика федерациясы басшысының жиені екен деп жазып жатыр.

    Сомалидегі университеттер одағы Қытайдағы Универсиада ойындарына арнайы спортшы жібермегенін хабарлаған. Спорт министрі де бұған қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, спортшы  Могадишо университетінің студенті. Ол елде Универсиадаға іріктеу болмаған соң, жер-жүзіндегі университеттерде оқитын сомалилік студенттер арасынан таңдап алынған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *