• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан Олимпиадаға алғашқы лицензиясын жеңіп алды

    Тасжолдағы велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы 2024 жылы Францияның астанасы -Париж қаласында жалауы желбірейтін Жазғы Олимпиялық ойындардың бір лицензиясын жеңіп алды.

    Қазақстан құрамасы бір аптаға созылған Азия чемпионатында 15 жүлдеге (8 алтын, 4 күміс, 3 қола) ие болды.

    Әзірше Олимпиадаға ең көп лицензияны  Францияның  366 спортшысы (алаң иесі), АҚШ-тың 131 өкілі, Ұлыбританияның 64 атлеті мен Австралия мен Жапонияның қыз-жігіттері алып отыр. Соңғы екі елден әзірше 45 адамнан Олимпиадаға барады.

    Таиландтың Районг қаласында өткен тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында 23 жасқа дейінгі жастар арасында Андрей Ремхе мәреге бірінші болып жеткен болатын.

    Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол белгіленген 30 шақырымды 36 минут 11.058 секундта жүріп өтті.

    Биылғы додада Париж Олимпиадасына қажет рейтинг ұпайлары сарапқа салынды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *