Кеше футболдан Қазақстан командасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыберген ұлттық құрамамен қоштасып жатып, қазақ футболының басты проблемасын айтты. Оның айтуынша, басты проблема қазақ жігіттерінің премьер-лигада ойнамауы. Осы жағдай футболшыны қатты қынжылтады. Мені осы нәрсе қатты қынжылтады. Жаңадан келген басшылар бірнеше жылда барлық олқылықтың орнын толтырып, заң жүзінде реттейді деп сенемін. Президентіміз де стадиондар салып, жастарға қолдау көрсетіп жатыр. Сапалы алаңдар болса, ...
Read More »Tag Archives: Асхат Тағыберген
Асхат Тағыберген Қазақстан ұлттық құрамасымен қоштасты
Бүгін футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Солтүстік Македония командасымен ойыннан кейін ұлттық құрамадан кететінін айтты. Солтүстік Македониямен матч – менің ұлттық құрамадағы соңғы ойыным болды. Бұл отбасыммен бірге ақылдасқан шешімім. Енді жастарға жол беру керек. Өйткені, футбол – бәсекеге толы спорт. Қазір бұл туралы көп айтылып жатыр. Жалпы, жас деген – тек паспорттағы сан. Мен бұл орынды босатуға дайынмын. Бүгін ...
Read More »Футболшы Асхат Тағыберген «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды (ВИДЕО)
Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) тағайындаған «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды. Бұл приз ең әдемі голдың авторына беріледі. «Пушкаш» сыйлығына Асхат Тағыбергенмен бірге тағы 10 адам ұсынылып отыр. Олардың арасында «Цинциннати» клубының ойыншысы аргентиналық Альваро Баррель, Мадридтің «Реал» әйелдер командасы мен Колумбия құрамасының шабуылшысы Линда Кайседо, Англияның «Брайтон энд ...
Read More »Матчқа 100 пайыз дайынбыз! — Асхат Тағыберген
Қазақстан мен Финляндия командаларының матчы алдында ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев, команданың ойыншылары Асхат Тағыберген мен Бахтиер Зайнутдинов ойынға 100 пайыз дайын екендерін айтты. Біз матчқа 100 пайызға дайынбыз. Жанкүйерлерімізді жеңіспен қуантқымыз келеді. Біз бұған дейін де ойнадық. Енді Қазақстан құрамасының жанкүйерлерін тағы да қуантамыз деп үміттенеміз. Әрине, ойынға біз дайынбыз. Ертегі атанған Даниямен ойыннан кейін тағы да жеңіске жетеміз ...
Read More »EURO 2024: УЕФА сайты үздік голды анықтап жатыр
Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің екінші турында Дания командасының қақпасына салған голын үздіктер номинациясы қатарына қосты. Қазір УЕФА-ның сайтында екінші турадағы үздік голға дауыс беріліп жатыр. Үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар. Әзірше Асхат Тағыберген мен Владислав Морозов алда келеді. Олардың ...
Read More »