Теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 11-орында) Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінде күтпеген жерден жеңіліп қалды. Турнирдің үшінші айналымында Рыбакина Данияның өкілі Клара Таусонмен (WTA рейтингінде 22-орын) ойнап, екі сетте 6:7, 3:6 есебімен қарсыласына есе жіберді. Омылайша, Клара Таусон Уимблдон турнирінің 1/8 финалына шықса, Елена Рыбакина жарысты ерте аяқтады. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Арменияның теннисшісі Элина Аванесянды (49-орын) ...
Read More »Tag Archives: Уимблдон турнирі
«Уимблдон»: Рыбакина үшінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы, 26 жастағы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Теннисші екінші ойынын әлемдік рейтингіде кезінде 3-орынға дейін көтерілген, қазір 77-сатыдағы грекиялық, 29 жастағы Мария Саккаримен ойнады. Қарсыластар осыған дейін бес рет ойнап, соның төртеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы Рыбакина матчты сәтті бастады. Бірінші сетте 6:3 есебімен жеңді. Екінші сетті қарсыластар ...
Read More »Рыбакина «Уимблдон» турнирін ірі жеңіспен бастады
Әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританяиның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты, Қазақстан теннис федерациясы. Ол алғашқы ойынын әлемдік рейтингте 49-орында тұрған армениялық Элина Аванесянды 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Матч бір сағатқа созылды. Осы уақытта Рыбакина үш эйс жасап, екі қате жіберді. Алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Екінші айналымда Рыбакина Грекия өкілі Мария Саккаримен ойнайды. Турнирдің жекелей жарыс ...
Read More »Қазақстан теннисшілері «Уимблдон» турнирін сәтті бастады
Теннистен Қазақстан құрамасының өкілдері Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан «Уимблдон» турнирінің іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлады olympic.kz. Михаил Кукушкин алғашқы айналымда украиналық Виталий Сачконы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Оның ендігі қарсыласы – франциялық Бенджамин Бонзи. Денис Евсеев франциялық Маттео Мартинодан 6:7, 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Енді ол екінші айналымда Францияның тағы бір теннисшісі Титуан Дрогемен кездеседі. Бейбіт Жұқаев өзінің ...
Read More »«Допты дәл бере алмадым»: Рыбакина Уимблдондағы жеңілісі туралы
Теннисші Елена Рыбакина өзінің Уимблдон турниріндегі кешегі жеңілісі туралы айтып берді. Оның айтуынша, тунистік Онс Жабермен ширек финалдағы матчтың қиын болған. Ойын қиын болды. Оны жасыра алмаймын. Матчта жанкүйерлер қарсыласымды көп қолдады. Ол маған әсер еткен жоқ. Мен оған назар аудармадым. Өткен жылғы финалмен салыстырғанда, қарсыласым жақсы ойнады. Өзімде де, әсіресе, екінші сетте көптеген мүмкіндіктер болды. Алайда доп берудегі дәлдігім ...
Read More »Уимблдон турнирі: Қазақстан теннисшілері қомақты табыс тапты
Қазақстан теннисшілерінің Уимблдон турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды. Теннис федерациясының хабарлауынша, жекелей сында ширек финалға дейін жеткен Елена Рыбакина 340 мың фунт стерлинг (194 075 525 теңге) тапты. Жекелей сында төртінші айналымнан аса алмаған Александр Бублик 207 мың фунт стерлинг (118 157 746 теңге) алды. Юлия Путинцева жекелей (55 мың фунт стерлинг немесе 31 394 570 теңге) және жұптық ...
Read More »Уимблдон турнирі: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады
Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесіп, алғашқы партияда 7:6 есебімен ұтса, да кейінгі екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Енді Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол дүниежүзілік рейтингте ...
Read More »Уимблдон турнирі: Рыбакина ширек финалға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Рыбакина төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен ойнады. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 3:1 есебімен брейкпен алға шықты. Содан кейін өз геймін алды. Есеп – 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші матчты жалғастырудан бас тартты. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ...
Read More »Уимблдон турнирі: Елена Рыбакина төртінші айналымға шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты. Рыбакина үшінші айналымда Ұлыбританияның бірінші, әлемнің 89-ракеткасы Кэти Бултермен ойнады. Олар кортта алғаш рет кездесті. Лондонда жаңбыр жауып, матчтың өзі біршама уақытқа кешігіп басталды. Бірінші партияда Елена Рыбакина брейк жасап, 3:1 есебімен алға шықты. Сосын тағы бір брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Сөйтіп, өз геймін қиналмай ұтты. Есеп – ...
Read More »Уимблдон турнирі: Рыбакина екінші айналымға шықты (ВИДЕО)
Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Биылғы жарыста Рыбакина басты фавориттерінің бірі болып саналады. Қазақстан теннисшісі алғашқы айналымда әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен кездесіп, оны 6:4, 6:1, 6:2 есебімен ұтты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Матчта Рыбакина 2:0 есебімен брейкпен алға шығып, сол басымдылығын сет біткенше сақтап қалды. Екінші сетте ...
Read More »