Садақ атудан Қазақстан командасының мүшелері Андрей Тютюн мен Адел Жексенбинова Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Әлем кубогның финалына шықты, деп хабарлады olympic.kz. Садақшылар блоктық садақ атудан аралас командалық сында алтын жүлдеге таласады. Турнирде Қазақстан құрамасы Бразилия, Словения мен Италияның садақшыларын жеңді. Енді ел құрамасы финалда Ұлыбритания командасымен кездеседі. Бұл сайыс 22 маусымға жоспарланған.
Read More »Tag Archives: финал
Константин Малиновский ел рекордын қайталап, Әлем кубогының финалына шықты
Бүгін мерген Константин Малиновский Германияның Мюнхень қаласында нысана көздеуден өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол 50 метрге 3 позицияда винтовкамен нысана көздеудің іріктеуде 593 ұпай жинап, бесінші орын алды. Ертең Константин Малиновский финалда жүлдеге таласатын 8 адамның арасында болады. Ол кеше алғашқы іріктеу айналымында 585 балға ие болып, ...
Read More »Қазақстан балуандары Мажарстандағы турнирдің финалына шықты
Мажарстанның Будапешт қаласында күрестен өтіп жатқан рейтингілік турнирде еркін күрес балуаны 97 келі салмақтағы Әлішер Ерғали жеңімпаз атағы үшін бозкілемге шығады, деп хабарлады olympic.kz. Ол финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовпен белдеседі. Жарыста Ерғали Түркия, Грузия мен Иран балуандарын жеңді. Осы салмақтағы тағы бір өкіліміз, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан турнирдің жартылай финалында сүрінді. Ризабек Айтмұхан әзербайжандық спортшы Магомедовті 15:7 есебімен жеңді. Енді ол қола ...
Read More »Қазақстан волейболдан Challenge Cup турнирінің финалына шықты
Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппиннің астанасы – Манила қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Құрама команда өз ойынын тауып, жақсы нәтижемен жанкүйерлерді қуантып жатыр. Енді команда капитаны Сана Анарқұлова бастаған құрама алаң иелерін 3:0 (25-23, 25-21, 25-14) есебімен айқын басымдықпен жеңген соң, турнирдің жеңімпаз атағын үшін күш сынасады. Матчта ...
Read More »Ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты
Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.600 ұпай алып, іріктеуде екінші орын алса, 13.750 ұпай жинаған Асан Салимов алтыншы орыннан көрінді. Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады. Ол бірінші орынға шықты. Зейнолла Идрисов 14.850 ұпаймен екінші ...
Read More »Qazaqstan Barysy Grand Slam: Ғалия Тыңбаева алғаш рет финалға шықты
Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің бірінші күнінде Ғалия Тыңбаева (-48кг) финалға шықты. Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді жеңді, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Ғалия Тыңбаева жарыс үздігі ретінде әлемдік доданы екінші айналымнан бастады. Ол өз тобында Тунис, Қытайдың Тайпей мен Түркия елдерінің спортшыларынан айласын асырды. ...
Read More »Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы финалға шықты (ВИДЕО)
Өзбекстанның Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы екі жаттығуда финалға шықты, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр. Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Елжаңа Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады. Дәл осы жарыста Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді. ...
Read More »Қазақстан гимнасшылары Әлем кубогының финалына шықты
Спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында Әлем кубоыгының шешуші кезеңі басталды. Жарыстың қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшылар белгілі болады. Әзірше ат снарядындағы жаттығу сайысында Нариман Құрбанов іріктеуден екінші орын алып, финалға шықты. Ол 15.033 ұпай жинады. Бұл ұпай оған Олимпиадаға жолдама алуға мүмкіндік беріп отыр. Олимпиадаға лицензияны 1-2 орын иеленген спортшылар алады. Милад Карими мен Дмитрий Патанин да еркін жаттығудан финалға ...
Read More »Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты
Еркін күрестен қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (92 келі салмақта) Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық құраманың балуаны 97 келіге дейінгі салмақта жартылай финалында Үндістанның өкілін мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Ризабек Айтмұхан осыған дейін Бішкек бозкілемдерінде өзбекстандық Махсұд Вейсалов пен Қырғызстанның спортшысы Андрей Ароновты ...
Read More »Әбиба Абужақынова «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты
Өзбекстанның Ташкент қаласында дзюдодан өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінде әйелдер құрама командасының көшбасшысы Әбиба Абужақынова жартылай финалда Швецияның өкілі Тара Бабулфатты жеңіп, финалға шықты, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Ол D тобында ешкімге дес бермеді. Түркіменстан, Израиль спортшысын, одан кейін ширек финалда АҚШ дзюдошысын жеңіп, ½ финалға жолдама алған болатын. Енді міне, жартылай финалда Скандинавия ...
Read More »