• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Азия чемпионаты

    Боксшылар Азия чемпионатында алғашқы жеңістеріне жетті

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан U-22 Азия чемпионаты басталып, жарыстың алғашқы күні алты жекпе-жек болды. Қазақстан құрама сапынан екі боксшымыз шаршы алаңға көтеріліп, екеуі де жеңіске жетті. Алдымен 48 килодағы Санжар Тәшкенбай қырғыз Анваржан Ходжиевтан 5:0 есебімен басым түссе, 57 кг салмақтағы Махмұд Сабырхан да өзбек Мирзабек Мирзахаловты айқын басымдылықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды. Осылайша Азия чемпионаты жақсы жаңалықпен ...

    Read More »

    Азия чемпионатындағы қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды

    Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатында қазақстандық ер спортшылардың алғашқы қарсыласы анықталды. Құрлықтық дода Таиландтың астанасы Бангкок қаласында болып жатыр. Қазақ боксшылары алғашқы жекпе-жегін Қырғызстан, Таиланд, Малайзия, Өзбекстан, Тәжікстан, Камбоджа, Кувейт елінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізеді. Қазақстан боксшыларының қарсыластары: 48 кг. Санжар Тәшкенбай — Анваржан Ходжиев (Қырғызстан) 51 кг. Даниял Сәбит — Саенгфет Танарат (Таиланд) 54 кг. ...

    Read More »

    Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

    Бокстан 19-22 жас арасында 16-27 қаңтар күндері Таиланд елінің астанасы Бангкок қаласында өтетін Азия чемпионатының (U-22) кестесі анықталды. Алдымен 16 және 17 қаңтар күндері техникалық рәсімдер өтіп, жеребе тартылады. Жарыс 18 қаңтар күні басталады. 21 қаңтарға дейін бастапқы жекпе-жектер болады. 22 және 23 қаңтарда жартылай финалдар өтсе, 24-і – демалыс күні, 25-і және 26-сына финал жоспарланған. Қазақстаннан жігіттер 13 салмақ ...

    Read More »

    Бокстан U-22 Азия чемпионаты басталады

    16-27 қаңтарда Таиландтың астанасы Бангкок қаласында бокстан U-22 Азия чемпионаты болады. Оған Қазақстан құрама командасының сапында мына боксшылар қатысады: 48 кг – Санжар Тәшкенбай (Астана қаласы) 51 кг – Даниял Сәбит (БҚО) 54 кг – Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда облысы) 57 кг – Махмұд Сабырхан (Шымкент қаласы) 60 кг – Талғат Сырымбетов (Қарағанды облысы) 63,5 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан облысы) ...

    Read More »

    Каратэшілер Азия чемпионатын екінші орынмен аяқтады

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында WKF каратэден Азия чемпионаты мәресіне жетті. «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-тың хабаруаныша, жарыстың соңғы күні ересектер жекелей және командалық сында жүлделі орындарды сарапқа салды. Жекелей сында Әсел Қанай 61 келіге дейінгі салмақта алтын жүлде алса, Низамиддин Халматов (-55 кг), Софья Берульцева ( +68 кг), Нұрнияз Елдашов (+84 кг) күміс медальге, Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Дидар Әмірәлі ...

    Read More »

    Қазақстан ватерполшылары — Азия чемпионатының қола жүлдегері!

    Таиландтың Бангкок қаласында су добынан өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрама командасы үшінші орын алды. Осы чемпионатқа Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандырылған мектеп-интернат-колледждің 10 «В» сынып оқушысы Егор Белоусов та қатысып, Қазақстан құрама командасына қола жүлдені сыйға тартты. Спорт ордасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ардақ Тоғымовтың айтуынша, осы ерен еңбегі үшін Егор Белоусовқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді. «Бүгінде ...

    Read More »

    Қазақстан ескек есуден тағы екі жүлде алды

    Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасының спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында (JM2-) Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников жұбы мәреге бірінші келіп, алтын жүлде алды. Ал жасөспірімдер арасында (JM4-) санатында Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Мелани Жакупова квартетін финалда үздік үштікті түйіндеді. Ересектер арасында (LW1x) Мария ...

    Read More »

    Қазақстан Азия чемпионатында алты жүлде алды

    Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасы күміс жүлдені иеленді. Ирина Юнусметова мен Валерий Рахимжан жұбы 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде екінші орын алды. Бұл — біздің мергендердің осы сары құрлық бәсекесіндегі алтыншы жүлдесі. Осыған дейін винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола ...

    Read More »

    Нысананы көздеушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтіп жатқан пневматикалық қарумен нысана көздеуден XV Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. Винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Елизавета Безрукова мен Ислам Усейнов жұбы аралас сында қола медаль жеңіп алды. Бұл — Қазақстан құрамасынының еншісіндегі бесінші-медаль. Осыған дейін командалар арасындағы сайыста еліміздің ерлер құрамасы күміс, әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанған. Ал оның алдында Константин ...

    Read More »

    Су добынан ерлер құрамасы — Азияның қола жүлдегері!

    Таиландтта су добынан өтіп жатқан Азия чемпионатында  Қазақстанның ерлер құрама командасы да  қола жүлдегері атанды.  Еліміздің ерлер құрамасы Иран командасын 8:5 (1:1, 1:1, 4:3, 2:0) есебімен ұтты. Бұған дейін су добынан әйелдер құрама командасының  Азия чемпионатының қола жүлдегері атанғаны туралы хабарланды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »