• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қырғыз балуаны Тыныбекова Азия чемпионатына оныншы рет қатысып жатыр

    Астана қаласында 11-12 сәуір күндері ересектер арасында әйелдер күресінен Азия чемпионаты басталады.

    Бұл жарысқа тәжірибелі балуан Айсулу Тыныбекова (62 кг) да қатысып жүлде алсам дейді.

    Ол құрлық додасында тоғыз мәрте бақ сынап, бәрінен жүлде алған екен. Сонымен қатар ол екі мәрте әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының чемпионы атаныпты. Енді Айсулуға тек жазғы Олимпиялық ойындарның алтын жүлдесі ғана жетпей тұр.

    29 жастағы Айсулу Болатқызы Тыныбекова — төрт дүркін Азия чемпионы, үш дүркін Азияның күміс және екі рет Азияның қола жүлдегері атанған.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *