Бүгін Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер құрама командасының алғашқы белдесулері болады.
Азия чемпионаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатыр. 9-10 сәуірде еркін күрес және грек-рим күресінің балуандары жүлделерді сарапқа салды. Енді бүгін, ертең әйелдер күресінен спортшылар бақ сынайды.
Еліміздің әйелдер құрамасы:
50 кг – Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)
53 кг – Алтын Шағаева (Алматы облысы)
55 кг – Марина Седнева (Алматы облысы)
57 кг – Нилуфар Раимова (Түркістан облысы)
59 кг – Диана Каюмова (Астана қаласы)
62 кг – Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)
65 кг – Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)
68 кг – Елена Шалыгина (Шымкент қаласы)
72 кг – Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы)
76 кг – Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы).
11 сәуірде 50, 55, 59, 68, 76 келідегі балуандар күреседі.
12 сәуірде 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды.
Күндізгі сессия сағат 11.30-да (басталады. Кешкі сессияда балуандар 18.00-де (1 және 3-орын үшін) бозкілемге шығады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА