Қолдобы спорты дененің барлық мүшесін ширатып, қыздыратын, тартысты тамаша бір спорттың төре түрі. Қазақстанда айтулы спорт түрі әсіресе, қыздар арасында ерекше дамып келеді. Жуырда Испанияда қолдобынан өткен әлем чемпионатына Қазақстан қыздар құрама командасының қатысқанын жақсы білеміз. Бүгінгі күні қолдобы спорты еліміздің қай өңірінде ерекше дамып келеді деген сұраққа жауап іздеп көргенде, Қызылорда мен Алматы облысын ерекше бөліп айта кетер едім. ...
Read More »Tag Archives: Алматы облысы денешынықтыру және спорт басқармасы
Талапты ерге нұр жауар
Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың сара жолы. Ауыл – қазақтың күре тамыры, алтын бесігі, алтын ұясы. Ауылдан қаншама таланттар туып өсіп, еліміздің көрнекті салаларында жұмыс істеп жатыр. Ал спорт саласына келсек, үлкен спортта әлемдік ареналардың шаңын шығарып, ел намысын абыроймен қорғаған қаншама дарындар бар. Ауыл топырағы талантты жастың талантын ашып, денесін шыңдай ...
Read More »Қолдобына қолдау керек
Кеше Алматы облысы Денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев іссапармен Іле ауданына қарасты Алматы маңындағы Өтеген кентінде орналасқан гандболдан Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне келіп, білім ордасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында қолдобы спортының аймақтарда дамуына қатысты өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, мамандардың пікірін тыңдады. Сонымен қатар, облыс спортының басшысы алдағы уақытта қолдобы спортының ауыл-аймақтарда ...
Read More »«Іле» гандбол командасының алар асулары алда
Гандбол – олимпиадалық спорт түрі болғандықтан, жарыстың бұл түрін дамыту өңірлерде дұрыс жолға қойылып келеді. Алдымен осы қол добы спортының шығу тарихы туралы аз-кем тоқтала кетсек. Оның пайда болу уақыты 1898 жыл деп есептеледі. Бұл спортты дене шынықтыру мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап тапты. Бұл ойында әрбір командада жеті ойыншыдан болады. Гандбол топтық ойын, мұнда допты қолмен ғана ойнайды. Ойынның басты ...
Read More »Жақсы келді дегенше — жарық келді десеңші
Ел спортының еңсесін көтеру үшін ауыл-аймақтағы спортты дамыту керек екенін кейбір облыстар ісімен дәлелдеп келеді. Айталық, жер жанаты Жетісу жерінде ауыл спортына айырықша көңіл бөлінуде. Оған себеп, қайбір мамандық болсын өз саласының маманы болған жағдайда ғана сол саланың өресі кеңейіп, ісі оңға баса бастайды. Маман болу бір төбе, егер өзінің сүйікті мамандығына сүйіспеншілкпен қарап, белсене жұмыс істесе нұр үстіне нұр ...
Read More »