Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 11-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 34-тен 33-ке көтерілді. Зарина Дияс 274-тен бірден 246-ға жоғарыласа, Жібек Құламбаева 306-да қалды. Өткен аптада Истбурн WTA 250 турнирінде үздік шыққан Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина 9-дан 8-ге шықты. ...
Read More »Tag Archives: Анна Данилина
Анна Данилина Ұлыбританиядан жеңіспен келе жатыр
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында жалауы көтерілген WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Осыған дейін Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос», турнирінде, Лондон, Ноттингем қалаларындағы жарыстарында финалға дейін жеткен теннисші бұл жолы чехиялық Мари Боузковамен бірге бақ сынаған еді. Данилина мен Боузкова дуэті финалда австралиялық Майя Джойнт пен Тайбэй өкілі Се Шувэймен бас жүлдені сарапқа ...
Read More »Теннисшілеріміз қарт құрлықтың төрінен төбе көрсетті
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турнирінде көңіл көншітерлік өнер көрсетіп жатыр. Мысалы, Бейбіт Жұқаевтың өзі жас болса да бас бола білетінін дәлелдеп, алғаш рет Уимблдонның іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, «Үлкен дулының» кілең мықтылар ойнайтын басты додасына жолдама алды. Осының өзі жас спортшы үшін үлкен жетістік деуге болады. Сол сияқты ...
Read More »Отандастарымыздың теннис турнирлеріндегі жорығы жалғасып жатыр
Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турниріндегі жарыстарын одан әрі жалғастырып жатыр. Жастар арасында Уимблдонда Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай (іріктеу) ойнайды. Сол сияқты Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жаман ойнап жатқан жоқ. Әлемнің 274-ракеткасы Зарина Дияс та Испанияның кортының ...
Read More »Теннисші Анна Данилина Лондон турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Queen’s Club Championships турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда ресейлік Диана Шнайдермен бірге австралиялық Сторм Хантер мен америкалық Дезире Кравчик дуэтін жеңді. Матч екі сетке созылып, 7:6, 6:4 есебімен аяқталды. Жартылай финалда Анна Данилина мен Диана Шнайдер австралиялық Эллен Перес пен қытайлық Чжан Шуаймен ойнайды. ...
Read More »Анна Данилина әлемдік рейтингіде үздік үштікке кірді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жариялады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Сербиялық Александра Круничпен бірге «Ролан Гаррос» турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина осы табысы арқасында әлемдік рейтингіде 17-ден 9-орынға көтерілді. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болып есептеледі. Осыған дейін Анна 10-сатыдан аспаған еді.
Read More »Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалисі атанды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатаның финалында ойнады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге финалда жарыстың 2-ракеткалары, итальяндар Сара Эррани мен Жасмин Паолинимен бақ сынады. Бірінші партияда италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Данилина мен Курнич 6:2 есебімен жеңді. Үшінші сетте италиялықтар дес бермеді. Есеп 6:1 болды. Осылайша, Анна Данилина ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Данилина турнирдің бірінші ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда сербиялық Александра Круничпен бірге «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші ракеткалары, чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендпен жартылай финалдың жолдамасы үшін күш сынасты. Бірінші партияда Данилина мен Крунич қарсыластарын 7:5 есебімен жеңді. Екінші сетте Синякова мен Таунсенд 6:4 есебімен есе қайтарды. Үшінші партияда Данилина ...
Read More »«Ролан Гаррос»: Анна Данилина ширек финалға шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге үшінші айналымда «Үлкен дулыға» додасының 5-ракеткалары, америкалық Айша Мұхаммад пен нидерландылық Деми Схурспен күш сынасты. Матчты қазақстандық-сербиялық дуэт қос брейкпен сәтті бастады. Есеп — 3:0. Бұдан кейін Мұхаммад пен Схурс қайыра брейк жасағанымен, Данилина мен Крунич ...
Read More »Анна Данилина жыл үздігіне үміткер атанды
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) маусым қорытындысы бойынша анықталатын жылдың үздіктеріне үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачёвамен бірге «Жыл дуэті» аталымы бойынша үміткерлер қатарына енді. Сондай-ақ үміткерлер қатарында мына жұптар бар: 1.Габриэла Дабровски (Канада) мен Эрин Рутлифф (Новая Зеландия); 2.Анна Данилина (Қазақстан) мен Ирина Хромачёва (Россия); 3.Се Шувэй (Қытайлық Тайбэй) мен Элисе Мертенс (Бельгия); ...
Read More »