• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: «Астана»

    Астанада шахматтан әлем чемпионаты басталды

    7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Онда әлем чемпионы атағы үшін Ян Непомнящий (ФИДЕ) мен Дин Лижень (ҚХР) бақ сынайды. Кеше Astana Ballet театрында чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қазақстан астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен танымал шахматшылар, халықаралық шахмат федерациясының өкілдері келді. Ян Непомнящий (2793) мен Дин Лижень (2788) ФИДЕ әлемдік рейтингінде екінші және үшінші орындарда тұр. ...

    Read More »

    Астанада IV қысқы жастар спорт ойындары аяқталды

    Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында конькимен жүгіруден IV қысқы жастар спорт ойындары мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні 1500 метр мен масс-стартта үздіктер анықталды. Әйелдер арасында 1500 метрде астаналық Алина Дауранова қарсылас шақ келтірген жоқ. Дарья Гаврилова (Астана) күміс, Алена Лифатова (Павлодар облысы) қола медальге ие болды. Ерлер арасында Вадим Якубовский (Қостанай облысы) чемпион атанса, Роман Биназаров (Қостанай облысы) пен Михаил Глущенко ...

    Read More »

    Астанада дзюдодан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирі өтеді

    Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Халықаралық дзюдо федерациясының (International Judo Federation, IJF) бас директоры Влад Маринескумен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Басқосуда  тараптар биыл жазда астанада дзюдодан Grand Slam әлемдік сериясының кезеңін өткізу мәселесін талқылады. Ақпан айында дзюдо федерациясы мен IJF ұйымы 2023-2026 жылдары Grand Slam  сериясының 12 кезеңінің біреуін елімізде өткізу туралы төртжылдық келісімшартты ...

    Read More »

    «Астана» — Қазақстан Суперкубогының иегері

    «Астана-Арена» стадионында «Астана» клубы Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:1 есебімен ұтып, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. «Астана» былтырғы футбол маусымында еліміздің чемпионы атанса, «Ордабасы» Қазақстан Кубогының иегері болған еді. Бірінші таймда командалар матчтағы барлық голдарын салып үлгерді. Әуелі 8-минутта Алекса Аманович есеп ашып, «Астананы» алға шығарды. Арада бір минут өтер-өтпесте шымкенттіктер таразы басын теңестірді. Оны шұғыл қарсы шабуыл барысында Еркебұлан Тұңғышбаев баспен ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева: «Биыл мен үшін маңызды жарыс көп»

    Астанаға блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мен анасы әрі жеке жаттықтырушысы Лиана Таңжарықова келді. Оларды әуежайдан БАҚ өкілдері, шахматтан ұлттық құраманың бас бапкері Павел Коцур мен Спортты дамыту дирекциясының ресми өкілдері күтіп алды. Осы жерде шахматшы журналистерге биылғы жоспары туралы аз-кем айта кетті. Биыл бірқатар маңызды жарыста ойнаймын. Әлемдік гран-прилер сериясы, әлем кубогы мен әлем чемпионатында жақсы ...

    Read More »

    Қарттар үйіне бармайды: Астанада бокстан чемпиондарды жаттықтырған бапкер жалғыз қалған

    Астанада бокстан талай чемпиондарды жаттықтырған бапкер Маман Жиешев қартайғанда жалғыз қалған. 80-нен асқан қария зейнетақысын кім алып жүргенін де білмейді. Бұл туралы Еуразия телеарнасы хабарлады. Көршілерінің айтуынша, екі қызын тұрмысқа берген қарияның ешкім қарайласпағаннан күйі кеткен. Ақыл-есі де кәріліктен немесе кезінде алған соққылары салдарынан кіресілі-шығасылы. Сондықтан тамақ істемек болып, бірнеше рет үйін өртеп ала жаздаған. Жалғыз қалған қария кейде жуыну ...

    Read More »

    Спорттағы жыл үздіктері анықталды

    Астанада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлады. Салтанатты кеште Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, жаттықтырушылар, спорт журналистерін марапаттап, жыл бойы атқарған еңбегіне құрмет көрсетті. Қазылар алқасы таңдаған 14 номинация бойынша мына азаматтар үздік болып танылды: 1) «Жылдың ...

    Read More »

    Қазақ күресі: Қазақстан тағы бес алтын жүлде алды

    Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатының екінші күні ұлттық құраманың балуандары бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. «Qazaq kuresi» қауымдастығының хабарлауынша, чемпиондар алты салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Олардың арасында жеңіс тұғырынан көрінгендердің төртеуі – ерлер болса, екі медальді қоржынға әйелдер құрамасының өкілдері салды. Чемпионаттың екінші күні Бекхан Төлепов (55 кг), Нұр Аманшұқыров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), ...

    Read More »

    Қазақ күресінен үш балуан әлем чемпионы атанды

    Астанада қазақ күресінен өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде үшш отандасымыз алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Қазақ күресі қауымдастығы хабарлады. Чемпионаттың бірінші күні ерлер 82, 90, 100 және +100 келі салмақта белдесті. Ал әйелдер 75 және +75 келі салмақта мықтыны анықтады. Алтын медальді  82 кг салмақта Айдын Дартаев, 100 кг салмақта Айдын Байқамыров, Нұрдәулет Жарылқапов жеңіп алды. Ал ерлер ...

    Read More »

    Жас теннисшілер ITF Juniors турнирінің жеңімпазы атанды

    Астанада «Дәулет» теннис орталығында 18 жасқа дейінгілер арасында бесінші санаттағы ITF Juniors турнирі мәресіне жетті. Қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жекелей сында үздік шықты. У.Романова финалда ресейлік Ксения Крупенинаны 6:3, 4:6, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Жұптық сында Әдемі Аманкелді мен Сати Әубәкірова ресейліктер Кристина Белкова – К.Крупенинадан айласын асырып, жеңімпаз атанды. Бұл кездесу 6:2, 6:3 есебімен аяқталды. Ұлдардан Ілияс Маратұлы ...

    Read More »