Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева «Үлкен дулыға» турниріндегі жарыстарын одан әрі жалғастырып жатыр. Жастар арасында Уимблдонда Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай (іріктеу) ойнайды. Сол сияқты Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ұлыбританияның Истбурн қаласында өтіп жатқан WTA 250 турнирінде жаман ойнап жатқан жоқ. Әлемнің 274-ракеткасы Зарина Дияс та Испанияның кортының ...
Read More »Tag Archives: Бейбіт Жукаев
Бейбіт Жукаев алғаш рет жұптық сында челленджер турнирінің жеңімпазы атанды
Теннисші Бейбіт Жукаев жұптық сында Бахрейннің Манама қаласында челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Жукаев Украина спортшысы Виталий Сачкомен бірге финалда Беларусь өкілі Иван Лютаревич пен франциялық Люка Санческе қарсы бас жүлдені сарапқа салды. Бұл матчта Жукаев пен Саяко 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Бейбіт Жукаев алғаш рет жұптық сында челленджер додасында үздік шықты. Бұған дейін ...
Read More »Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды
Теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Шарлотсвилл қаласында өткен челленджер турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда Жұқаев дүниежүзілік рейтингте 376-орында тұрған америкалық 20 жастағы Эйдан Мейомен бас жүлдені сарапқа салды.Бірінші партияда есеп 4:3 болған кезде Жұқаев брейк жасап, 6:3 есебімен жеңді. Екінші сетте ол тағы бір брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Одан кейін үшінші сетте қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсті. Матч бір сағат ...
Read More »Бейбіт Жұқаев Жапониядағы турнирді жеңіспен бастады
Бейбіт Жұқаев Жапониядағы Йоккаити челленджер турнирін жеңіспен бастады. Әлемнің 315-ракеткасы, Ақтау теннис мектебінің түлегі, 22 жастағы Жұқаев бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 402-орында тұрған жапониялық Юта Шимизумен өткізді. Теннисші 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бейбіт ширек финалға шығу үшін әлемнің 173-інші, жарыстың 3-ракеткасы, тағы бір жапониялық Есуке Ватанукимен кездеседі. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »