• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: гимнастика

    Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды

    Қазақстан Көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, деп хабарлады olympic.kz. 30-31 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға «Құрметті жаттықтырушы» атағы берілді. Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарады. Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиялық ойындарға қатысып келеді. Париж Олимпиадасында ...

    Read More »

    Гимнасшы Дияс Тойшыбек Әлем кубогында алғаш рет жүлде алды

    Ұлттық құраманың спортшысы Дияс Тойшыбек спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол ат снарядындағы финалда 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысқан украиналық  Илья Ковтун (Украина) топ жарды. Қола жүлде хорват гимнасы Матео Жугецке бұйырды.

    Read More »

    Спорттық гимнастикадан АЧ: Аида Бауыржанова алғашқы жүлдесін алды

    Өзбекстанның Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп хабарлады olympic.kz. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медальге ие болды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Спортшы Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.    

    Read More »

    Гимнасшы Елжаңа Таниева көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды

    Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медальді жеңіп алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша чемпион атанды. Күміс жүлдені Милана Парфилова, қола медальді Айбота Ертайқызы иеленді. Елжаңа Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатында таспамен жаттығуда алтын медальді жеңіп алған еді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА  

    Read More »

    Қазақстан гимнасшылары Challenger Cup турнирінің күміс жүлдесін алды

    Көркем гимнастикадан Португалияның Портиман қаласында өткен Challenger Cup турнирінде Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова күміс жүлдені жеңіп алды. Эрика Жайлауова доппен өнер көрсетудің финалында 32.400 балл алса, Милана Панфилова шығыршық жаттығуында 33.800 баллға ие болды. Одан кейін ол лентамен бақ сынап, қола (30.750 ұпай) медаль иегері атанды. Көпсайыс қорытындысында Парфилова 5, Жайлауова 7-орынды қанағат тұтты. Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы финалға шықты (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында  Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы екі жаттығуда финалға шықты, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр. Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Елжаңа Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады. Дәл осы жарыста Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді. ...

    Read More »

    Спорттық гимнастика: Милад Карими — Әлем кубогының иегері! (ВИДЕО)

    Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының шешуші кезеңінде ұлттық құраманың екі атлеті жүлдегер атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда Олимпиада лицензиясының иегері Милад Карими (14.766 ұпай) жеңімпаз атанды. Ал Дмитрий Патанин 14.500 ұпай жинап, үшінші сатыға табан тіреді. Күміс медаль Люк Уайтхаусқа (Ұлыбритания, 14.566 ұпай) бұйырды. Бүгін Милад Карими қоссырық ...

    Read More »

    Гимнасшы Аида Бауыржанова Әлем кубогының финалына шықты

    Бүгін спорттық гимнастикадан Катардың астанасы – Доха қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде тағы екі спортшымыз өнер көрсетіп, біреуі финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еркін жаттығуда сынға түскен Аида Бауыржанова 12.800 ұпай жинап, 6-орынмен финалға шықты. Ал Дарья Ясинская үздік 8 спортшының қатарына кіре алмады. Бөрене жаттығуында Дарья Ясинская 22-орынға (11.833) тұрақтаса, Аида ...

    Read More »

    Әлия Юсупова: «Қазіргі бар мақсатымыз – Олимпиадаға жолдама алу» (ВИДЕО)

    Шымкент қаласында Олимпиадаға дайындық штабының өкілдері көркем гимнастикадан ұлттық құраманың жаттығу жиынына қатысты. Команда үздігі Елжаңа Таниева Болгарияның астанасы – София қаласында өтетін кезекті Әлем кубогына дайындалды. Ұлттық құраманың тағы бір гимнасшысы Айбота Ертайқызы София қаласында өткен халықаралық турнирден оралды. Өкінішке қарай, ол жерде кішігірім жарақат алған отандасымыз жарыс жолын ерте аяқтауға мәжбүр болды. Алда – лицензиялық Азия чемпионаты. Бұл ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Нариман Курбанов әлемде екі адам істейтін элементті бағдарламамына қосты

    Гимнаст Нариман Курбанов Қатардың астанасы — Дохада өтетін Әлем кубогы кезеңіне дайындалып жатыр. Ол осы кезеңнен кейін гимнастикалық ат снарядында Олимпиада жолдамасын иеленуі мүмкін. Olympic.kz сайтының хабарлауынша, спортшы бағдарламасын жетілдіріп жатыр. Қазір орның комбинациясы қиындығы жөнінен әлемде екінші орында – 6.7. Өткен Әлем кубогы кезеңдерінде оның элементі ең қиын бағдарлама болды. Антальядағы турнирге 6.9 болатын жаңа бағдарламамен бардым. Бұл базалық ...

    Read More »