Үндістаннның Ахмедабадад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында аруларымыз еркін жаттығуда өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Әйелдер: 1-орын. Қазақстан – 267.0639 ұпай 2-орын. Өзбекстан – 187.3013 3-орын. Таиланд – 180.9401 Жарысқа Қазақстан құрамасынан Ясмина Исламова, Даяна Джаманчалова, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Валерия Столбунова, Ясмин ...
Read More »Tag Archives: гимнастика
III ТМД елдері ойындары: Қазақстан батуттағы гимнастикадан екі медаль жеңіп алды
Әзербайжанның Шеки қаласында батуттағы гимнастикадан III ТМД елдері ойындарының кезекті жүлделері сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 3 қазанда кешке Қазақстан құрамасының спортшылары 2 медальға ие болды. Қазақстан құрамасы (Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина) – қола медаль Никита Тумаков (жекелей сын) – қола жүлде Ерлер арасындағы синхронды секіруде Ерлан Тасмағамбетов пен Роман Барков ...
Read More »Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогы: Қазақстан – қола жүлдегер!
Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан батуттық гимнастикадан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Синхронды секіруден аралас жұптық сайыста Ерлан Тасмағамбетов пен Виктория Бутолина 49.68 ұпаймен қола жүлдегер атанды. Жапон спортшылары 50.33 нәтижесімен топ жарса, күміс медаль бейтарап мемлекет (50.29) өкілдеріне бұйырды. Әлем кубогына жалпы 14 елден 60-тан астам ...
Read More »Гимнастар Грекиядағы турнирде тоғыз алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грекияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлады olympic.kz. Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды. Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды. Топтық ...
Read More »Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайланды
Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы болды. Оған Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты, деп хабарлады olympic.kz. Конференцияда федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды. Конференцияға қатысушылардның бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды. Өткен маусым ...
Read More »Әлия Юсупова FIG құрметті жаттықтырушысы атанды
Қазақстан Көркем гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова халықаралық дәрежедегі атаққа ие болды, деп хабарлады olympic.kz. 30-31 мамырда Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Атқарушы комитетінің отырысында Әлия Юсуповаға «Құрметті жаттықтырушы» атағы берілді. Әлия Юсупова отандық гимнастика федерациясының басшысы қызметінен бөлек, көркем гимнастиадан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы қызметін атқарады. Оның шәкірттері тұрақты түрде Олимпиялық ойындарға қатысып келеді. Париж Олимпиадасында ...
Read More »Гимнасшы Дияс Тойшыбек Әлем кубогында алғаш рет жүлде алды
Ұлттық құраманың спортшысы Дияс Тойшыбек спорттық гимнастикадан Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Ол ат снарядындағы финалда 14.150 ұпай алды. Мұнда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Токио Олимпиадасына қатысқан украиналық Илья Ковтун (Украина) топ жарды. Қола жүлде хорват гимнасы Матео Жугецке бұйырды.
Read More »Спорттық гимнастикадан АЧ: Аида Бауыржанова алғашқы жүлдесін алды
Өзбекстанның Ташкент қаласында спорттық гимнастикадан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында Қазақстан тұңғыш рет жүлде алды, деп хабарлады olympic.kz. Соңғы жарыс күнінде Аида Бауыржанова қола медальге ие болды. Ол еркін жаттығудан 13.066 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Спортшы Филиппин мен Қытай спортшыларын ғана алға жіберді. Аида Бауыржанова көпсайыста төртінші орын иеленіп, Париж Олимпиадасына іріктеуден өте алмады.
Read More »Гимнасшы Елжаңа Таниева көпсайыстан Қазақстан чемпионы атанды
Астанада көркем гимнастикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медальді жеңіп алды. Ол көпсайыс қорытындысы бойынша чемпион атанды. Күміс жүлдені Милана Парфилова, қола медальді Айбота Ертайқызы иеленді. Елжаңа Таниева биыл Азия чемпионы атанып, Париж Олимпиадасына жолдама алған болатын. Айбота Ертайқызы да Азия чемпионатында таспамен жаттығуда алтын медальді жеңіп алған еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Қазақстан гимнасшылары Challenger Cup турнирінің күміс жүлдесін алды
Көркем гимнастикадан Португалияның Портиман қаласында өткен Challenger Cup турнирінде Эрика Жайлауова мен Милана Парфилова күміс жүлдені жеңіп алды. Эрика Жайлауова доппен өнер көрсетудің финалында 32.400 балл алса, Милана Панфилова шығыршық жаттығуында 33.800 баллға ие болды. Одан кейін ол лентамен бақ сынап, қола (30.750 ұпай) медаль иегері атанды. Көпсайыс қорытындысында Парфилова 5, Жайлауова 7-орынды қанағат тұтты. Ал жекелеген жаттығулар бойынша өткен ...
Read More »
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары