Осы сөздерді бірнеше рет қайталады да, дәулескер күйші, талантты өнерпаз Назымбек Молдахметовпен бір ауылда тай-құлындай тебісіп өскен ағайыны, жан досы Фараби Кенжалин ауыр күрсінді. Артынша әңгімеміз жалғаса берді. – Балалық шақта бір ауылда туып, тай-құлындай тебісіп қатар өскен өткен шақты еске түсірсеңіз? – Біздер 1970 жылы Торғай облыс болып дүркіреп тұрған кезде сол өлкенің Арқалық ауданы Қайыңды совхозында дүниеге келгенбіз. ...
Read More »Tag Archives: дәулескер күйші
Өнердегі өшпес із
Көпшілікке мәлім, Қостанай ежелден өнер және мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушыларымен аты шыққан. Қазір де олардың дара жолын жалғастырып жатқан азаматтар жеткілікті. Солардың қатарында күйшілік ерекше қабілетімен барша қазақтың мақтанышына айналған Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияның бұрынғы басшысы, талантты бауырымыз Назымбек Молдахметов те бар еді. Бәріміз де мына өмірге қонақпыз. Кеше ғана арамызда күндей жарқырап жүретін жайсаң мінезді, жаны – жаз, ...
Read More »