• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жасөспірім

    Бибарыс Әшірбай – жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдесін алды

    Боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегалдың астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Ол 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ұлыбритания өкілі Майкл Моэнмен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен британдық боксшының басымдығын мойындады. Осылайша, Бибарыс Әшірбай Олимпиада ойындарын екінші орынмен аяқтады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА    

    Read More »

    Ақнұр Тұрсынғали — жасөспірімдер Олимпиадасының күміс медалисі

    Боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Сара Кампоспен жұдырықтасты. Алғашқы раундта Ақнұр Тұрсынғали басым түсті. Дегенмен бразилиялық боксшы екінші және үшінші раундтарда тізгінді өз қолына алып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады. Ұлттық құраманың еншісінде алты медаль бар. Бұған дейін дзюдошы ...

    Read More »

    Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдегер атанды

    Боксшы Марал Төлепберген Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп қалды. Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Өзбекстанның өкілі Сабрина Чакомановамен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады. Бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 кг) мен Бибарыс Әшірбай (70 кг) финалға шыққан ...

    Read More »

    Любовь Юн — жасөспірімдер Олимпиадасының жүлдегері

    Қазақстан құрамасының өкілі Любовь Юн Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды. Ол 63 келіден аса салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жартылай финалда Лбюовь Юн Сербия өкілі Эма Зечировичпен жекпе-жекке шығып, одан 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші раундта Любовь Юн 4:18 есебімен, екінші раундта 4:14 есебімен жол берді. Жарыс ережесіне сәйкес, жартылай финалда жеңілген қос ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы тізімді жариялады

    4 қаңтарда 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Өскемен қаласында жиналып, IIA дивизионындағы әлем чемпионаты алдындағы оқу-жаттығу жиындарының алғашқы кезеңін бастайды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Турнир 19-24 қаңтар аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында болады. Дайындыққа Алматы, Қарағанды, Астана және Өскемен қалаларынан келген қыздар қатысады. Құрама сапындағы хоккейшілердің жасы 14 пен 17 жас аралығында. Жаттықтырушылар штабы әлем чемпионатына арналған кеңейтілген құрамды ...

    Read More »

    US Open: Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисшілері арасынан алғаш рет жартылай финалға шықты

    17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол ширек финалда жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген ресейлік, 18 жастағы Тимофей Дерепаскомен ойнады. Дерепаско — жасөспірімдер ғана емес, ересектер арасында да ойнап үлгерген теннисші. Ол ATP рейтингісінде 925-орында тұр. Ал Заңғар Нұрланұлы ITF Juniors рейтингінде 54-орында келеді. Қазақ теннисшісі бірінші партияда 6:2, ...

    Read More »

    12 жасөспірім теннисші әлемдегі ТОП-100 қатарына кірді

    Еліміздің 12 жас теннисшісі ITF (Халықаралық теннис федерациясы), TE (Еуропа теннисі) мен  ATF (Азия теннис федерациясы) жасөспірімдер тізімінд үздік 100 спортшының қатарына қосылды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Әмір Омарханов 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors рейтингінде бұрынғыша 14-орында тұр. Даниал Рахматуллаев — 73, қыздар арасында Соня Жиенбаева — 29, Асылжан Арыстанбекова 40-сатыда. Tennis Europe рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында ...

    Read More »

    Шығыс Қазақстанда жарыс жолына 34 команда шықты

    Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Семей спорт академиясының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналып 2002 – 2003, 2004 – 2005, 2006 – 2008 жылы туған қыздар арасында волейболдан облыстық ашық турнир басталды. Бұл туралы Семей спорт академиясының баспасөз қызметі хабарлады. Турнирде бас-аяғы 34 команда бақ сынасып жатыр. Нақтырақ айтсақ, 2002 – 2003 жылы туғандар арасында ...

    Read More »